24.10.2008, 10:44 2015

Қазақстан мен Қытай бірлескен "Ұлы қабырға" бұрғылау компаниясы мемлекетке келтірілген 100 млн астам теңгенің шығынын өтеді

Қазақстан мен Қытай бірлескен "Ұлы қабырға" бұрғылау компаниясы мемлекетке келтірілген 100 млн астам теңгенің шығынын өтеді

Алматы. 24 қазан. "Қазақстан Бүгін" - "Қазақстан мен Қытай бірлескен "Ұлы қабырға" бұрғылау компаниясы" ЖШС кедендік жеңілдіктерді заңсыз пайдалану салдарынан мемлекетке келтірілген 100 млн астам теңгенің шығынын өтеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Ақтөбе облыстық прокуратурасы кеден ісі саласындағы қадағалау қызметіінң барысында "Қазақстан мен Қытай бірлескен "Ұлы қабырға" бұрғылау компаниясы" ЖШС-нің мемлекетке 100 533 083 теңгенің шығынын келтіргенін анықтады.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, бұл ЖШС шетелдік заңды тұлға болып табылмайды, ол Қазақстан Республикасының заңнамасына сай жұмыс істейтін заңды тұлға. Сол себепті компания сырттан "уақытша енгізу" атты кедендік режиммен әкеліп, салық пен кедендік баж салығын төлемеген екі бұрғылау қондырғысы табиғи ресурстарды пайдалану мақсатындағы жабдық болғандықтан, ол кедендік баж салығынан босатылуға тиіс емес болған.

Сөйтіп, компания шығынды өтеп, оның үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 214-бабының 1 -тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны