31.10.2008, 13:00 2882

Қазақстан мен Қытай көмірсутегі шикізатын өндіру мен тасымалдау саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға келісті

Қазақстан мен Қытай көмірсутегі шикізатын өндіру мен тасымалдау саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға келісті

Астана. 31 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан мен Қытай көмірсутегі шикізатын өндіру мен тасымалдау саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға келісті. Бұл туралы бүгін Қазақстан үкімет басшысы Кәрім Мәсімов ҚХР Мемлекеттік Кеңесінің премьері Вэнь Цзябао арасында жүргізілген келіссөздердің қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Бүгінгі кездесу барысында көмірсутегі шикізатын өндіру мен тасымалдау саласында нақты уағдаластықтарға қол жеткізілді",- деді үкімет басшысы.

"Тараптар осы саладағы ынтымақтастықты нығайтуға келісті",- деді Кәрім Мәсімов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны