07.11.2017, 19:14 4031

Қазақстан мен Қытай компаниялары агроөнеркәсіптік кешенге инвестициялар тарту бойынша ынтымақтастық туралы бірқатар келісімдерге қол қойды

Бүгін Қытай Халық Республикасы Ауыл шаруашылығы министрініӊ шақыруымен ҚР Премьер-Министрініӊ орынбасары - Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов жұмыс сапарымен Бейжіӊге барды.

Астана. 7 қараша. Kazakhstan Today - Бүгін Қытай Халық Республикасы Ауыл шаруашылығы министрініӊ шақыруымен ҚР Премьер-Министрініӊ орынбасары - Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов жұмыс сапарымен Бейжіӊге барды.

Жұмыс сапары барысында ҚР Премьер-Министрініӊ орынбасары - Ауыл шаруашылығы министрі А. Мырзахметов ҚХР Ауыл шаруашылығы министрі Хань Чанфу, ҚХР сапаны қадағалау, инспекциялау және карантині жөніндегі бас басқармасыныӊ төрағасы Ци Шупин және де Қытайдыӊ ірі компанияларымен екі жақты кездесу өткізді.

Кездесу аясында Қазақ-Қытай арасындағы ауыл шаруашылығы саласын дамыту, инвестициялық жобалар, органикалық және ветеринария саласын дамыту барысы талқыланды.

Қытай Халық Республикасы Қазақстан экономикасыныӊ сондай-ақ, агроөнеркәсіп секторыныӊ өсуі мен дамуында Қазақстанныӊ маӊызды стратегиялық әріптестерініӊ бірі болып табылады.

Сапар барысында Қазақстан Республикасыныӊ Ауыл шаруашылығы министрлігі мен ҚХР Сапаны бақылау, инспекциялау және карантин басқармасыныӊ басшысы Қазақстан Республикасынан союға жіберілген жылқы жануарларына арналған карантиндік және денсаулық сақтау туралы хаттамаға қол қойды.

Сонымен қатар, қазақстандық және қытайлық компаниялар арасында сауда саласында және агроөнеркәсіптік кешенге инвестициялар тарту бойынша ынтымақтастық туралы бірқатар келісімдерге қол қойылды. Атап айтар болсақ:

1. "ҚазАгро" ҰБХ" АҚ мен "State Development and Investment Corporation" арасында Оӊтүстік Қазақстан облысында Агроөнеркәсіп кешен салу туралы меморандум;

2. "КазАгро" ҰБХ"АҚ және "Grand China Business Management Co." компаниясы арасында бірінші класты бидай өнімдерін өсіруді ұйымдастыру жобасын қаржыландыру бойынша меморандум;

3. "Азық-түлік корпорациясы" АҚ мен Dalian Commodity Exchange арасында көтерме сауда орталықтарыныӊ желісін құру және тауар биржасын ұйымдастыру туралы меморандум;

4. "Азық-түлік келісім шарт корпорациясы" АҚ мен "Grand China Business Management" LTD арасында 20 мыӊ тонна бірінші класты бидайдыӊ экспортына қатысты келісім;

5. "Азық-түлік келісім шарт корпорациясы" АҚ мен "Grand China Business Management" LTD арасында 2 мыӊ тонна өсімдік майын экспорттау туралы келісім;

6. 2018-2024 жылдарға арналған инвестициялық бағдарламаны іске асыру туралы "Қазақстанныӊ ет ассоциациясы" ҚҚ және CITIC Construction арасында қара мал мен сиыр еті өндірісі және экспорты үшін инфрақұрылым құру туралы келісімдерге қол қойылды, деп хабарлайды ҚР АШМ Баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны