01.04.2014, 20:05 3214

Қазақстан мен Қытай Қорғаныс министрлері екіжақты ынтымақтастықты талқылады

Тәжікстанда Шанхай Ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер Қорғаныс министрлері Кеңесі шеңберінде Қазақстан қорғаныс ведомствосының басшысы Иділбек Жақсыбеков Қытай Халық Республикасының Қорғаныс министрі генерал-полковник Чан Ваньцюанмен кездесті.

Алматы. 1 сәуір. Kazakhstan today. Тәжікстанда Шанхай Ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер Қорғаныс министрлері Кеңесі шеңберінде Қазақстан қорғаныс ведомствосының басшысы Иділбек Жақсыбеков Қытай Халық Республикасының Қорғаныс министрі генерал-полковник Чан Ваньцюанмен кездесті.

ҚР Қорғаныс министрлігінде хабарлағандай, кездесу барысында тараптар қазақ-қытай әскери және әскери-техникалық ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен перспективаларын талқылады.

Қытай Қорғаныс министрлігі ағымдағы жылы Қазақстанда өтетін екі үлкен іс-шара "Алтын үкі" мергендер жұбы жарысы мен "KADEX-2014" үшінші халықаралық көрмесіне қатысатынын растады.

Иділбек Жақсыбеков пен Чан Ваньцюань тату көршілік және достық қарым-қатынастық негізде құрылған Қазақстан-Қытай өзара тиімді ынтымақтастығының жемісті дамуына сенім білдірді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны