07.09.2017, 15:14 4895

Қазақстан мен Қытай мұнай-газ саласындағы ынтымақтастығыныӊ 20 жылдығын атап өтуде

Сонымен, ынтымақтастық еткен жылдардыӊ ішінде компания 100 млн тонна мұнай мен 51 млрд текше метр газ өндіріп, инвестиция 13 млрд теӊгені құрады.

Ақтөбе. 7 қыркүйек. Kazakhstan Today - 5 қыркүйек, сейсенбі күні Ақтөбеде Қазақстан республикасы мен Қытай халық республикасыныӊ мұнай-газ саласындағы ынтымақтастығыныӊ 20 жылдығына арналған салтанатты шара өтті. Оған облыс әкімі Бердібек Сапарбаев, энергетика вице-министрі Исет Мағауов, "KAZENERGY" ассоциациясы төрағасыныӊ орынбасары Ұзақбай Қарабалин мен CNPC корпорациясыныӊ вице-президенті Ван Дун Цзинь қатысты.

1997 жылы екі ел арасындағы келісім аясында Қытай ұлттық мұнай-газ корпорациясыныӊ (CNPC) алғашқы инвестициялық жобасына айналған "Ақтөбемұнайгаз" АҚ құрылды. Осылайша, Қазақстан мен Қытайдыӊ мұнай-газ саласындағы ынтымақтастықтығыныӊтарихы басталды.

- Тәуелсіздік алған алғашқы жылдары Қазақстан үшін негізгі міндеттердіӊ бірі - халықтыӊ әл-ауқатын қамтамасыз ету болды, бұл үшін жер қойнауыныӊ байлығын игеру талап етілді. Президентіміз жүргізіп отырған дана саясатыныӊ арқасында сол бір қиын жылдары біз Chevron, Agip, British Petroleum және тағы басқа ірі әлемдік компанияларды тарта алдық. Олар экономикаға, халыққа көмектесті. Ақтөбе жеріне алғаш болып келген инвестор компаниялардыӊ қатарында CNPC корпорациясы болды. Тәуелсіздік алған сәттен бастап Қытай Қазақстанныӊ негізгі серіктестерініӊ бірі болды және содан бері біздіӊ елдердіӊ саяси, экономикалық байланысы нығая түсуде,-деді Б.Сапарбаев.

Облыс әкімі өткен 20 жылдыӊ ішінде "СНПС-Ақтөбемұнайгаз" АҚ өӊірдіӊ экономикасын дамытып, халықтыӊ әл-ауқатын жақсарту үшін көп нәрсе жасағанын атап өтті. Бұған елімізге келген инвестициялар, жаӊа техника мен технологиялар, салынған зауыттар дәлел. Сонымен, ынтымақтастық еткен жылдардыӊ ішінде компания 100 млн тонна мұнай мен 51 млрд текше метр газ өндіріп, инвестиция 13 млрд теӊгені құрады.

Сондай-ақ, компания бизнестіӊ әлеуметтік жауапкершілігі аясында Ақтөбеде құны 1,5 млрд. теӊге болатын жастар сарайыныӊ құрылысын аяқтамақ. Облыс аудандарында жүзеге асырылған әлеуметтік нысандар аз емес.

- Біз экономиканы дамыту үшін инвестиция көлемін арттырудыӊ маӊызды екенін түсінеміз. Компанияныӊ биылғы инвестициялық жоспары 90 млрд теӊгені құрайды, бұл 2016 жылғы көрсеткіштен екі есе көп. Облыс басшылығы атынан Қазақстан мен Қытай халық республикасы арасындағы мұнай-газ ынтымақтастығына 20 жыл толуымен құттықтаймын. Басты тілек - елдеріміздіӊ байырғы тату көршілік қарым-қатынасы өркендеп, нығая берсін,-деп сөзін түйіндеді облыс әкімі.

Жиынныӊ қорытындысы бойынша Қазақстан мен ҚХР-ныӊ мұнай-газ саласындағы 20 жылдық ынтымақтастығына арналған символикалық ескерткіштіӊ ашылуы болды. - деп хабарлайды Ақтөбе облысы әкімініӊ баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны