10.06.2014, 21:17 5186

Қазақстан мен Қытай сарапшылары Қорғас өзенін қатерден қорғау мәселелерін талқылады

Қорғас өзені бассейнінде мұздық көлдерден қатарелерді талдау және олардың алдын алу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы және Қытай Халық Республикасы сарапшыларының бесінші жұмыс отырысы өтті.

Алматы. 10 маусым. Kazakhstan today. Қорғас өзені бассейнінде мұздық көлдерден қатарелерді талдау және олардың алдын алу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы және Қытай Халық Республикасы сарапшыларының бесінші жұмыс отырысы өтті.

ТЖМ-нен хабарлағандай, Алматы облысында орналасқан Қорғас трансшекаралық өзені Қытай Халық Республикасы шекарасы бойымен ағады, сел және су тасқыны қауіптілігінің критерийлері бойынша селқауіптілігі бойынша бірінші санатқа жатады және оның негізгі су жиналу жері 9 балдық сейсмикалық аумақта орналасқан.

Қорғас өзені үшін артық шығындары бар күшті тасыған тасқындар мен ықтимал сел тасқынының жыл сайын болуы тән.Осыған орай Қорғас өзені бассейнінде орналасқан "Қорғас" шекаралық ынтымақтастықтың халықаралық орталығының объектілеріне, "Қорғас-Шығыс қақпалары" шекаралық сауда экономикалық аумағы" арнайы экономикалық аумаққа және "Батыс Европа-Батыс Қытай" халықаралық көлік дәлізіне қауіп төніп отыр.

"Қорғас" шекаралық ынтымақтастық халықаралық орталығының инфрақұрылымын, трансшекаралық теміржол және автожол көпірлерін сел мен тасқыннан қорғау, сонымен қатар аумақтағы халықтың тұрмыс-тіршілігі қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында "Қорғас өзеніндегі ШЫХО және кеден ғимараттары маңайындағы қорғаныс құрылымдарының құрылысы" инвестициялық жобасы іске асырылуда.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны