05.07.2013, 15:07 3000

Қазақстан мен Қытай шекарасында су торабы ашылады

Бүгін Алматы облысының Панфилов ауданындағы Қорғас өзенінде Қазақстан мен Қытай арасындағы "Достық" ортақ бірлескен су торабының ашылу рәсімі өтеді.

Астана. 5-шілде. Kazakhstan Today - Қазақстан мен Қытай шекарасында су торабы ашылады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бүгін Алматы облысының Панфилов ауданындағы Қорғас өзенінде Қазақстан мен Қытай арасындағы "Достық" ортақ бірлескен су торабының ашылу рәсімі өтеді.

Қорғас шекара бекетінен 24,5 шақырым жердегі Қорғас өзеніндегі бұл су торабының құрылысын қаржыландыруды тараптар тең бөліскен болатын. Ол 2001 жылғы 12 қыркүйектегі Қазақстан мен Қытай Үкіметтері арасындағы трансшекаралық өзендерді пайдалану және қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы келісім негізіндегі 2010 жылғы 13 қарашадағы Қорғас өзенінде "Достық" ортақ бірлескен су торабын салудағы ынтымақтастық туралы келісім бойынша жүзеге асырылды. Оны іске асыруға уәкілетті орган Қазақстан тарапынан ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитеті, Қытай тарапынан Шыңжаң өндірістік-құрылыс корпусы болып табылады. Құны 9 млн. 560 мың долларға бағаланған жоба құрылысының бас мердігері болып қытайлықтар тағайындалды. Бастапқыда 2010 жылы басталып, 2011 жылы аяқталады деп жоспарланған су торабының жобалық-сметалық құжаттарын Қазақстан тарапы Қытай жағына 2010 жылдың жазында табыс еткен еді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны