13.05.2014, 21:07 3134

Қазақстан мен Қытайдың стратегиялық әріптестігі қарқынды дамуда - СІМ

"Біздің астанамызда Қытай мемлекет басшысы өзінің тарихи сөзін айтты. Алғаш рет Қытайдың Орталық Азияға қатысты сыртқы саяси стратегиясын мәлімдеді. Оның сапарының негізгі нәтижесі ретінде бас-аяғы 35 млрд долларды құрайтын екіжақты 23 құжатқа қол қоюды айтуға болады", - деді ол.

Алматы. 13 мамыр. Kazakhstan today. Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде ҚР сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Рәпіл Жошыбаев Қазақстан-Қытай стратегиялық әріптестігі қарқынды дамып келе жатқанын айтты.

"Қазақстан мен Қытайдың стратегиялық әріптестігі ынтымақтастықтың барлық салалары бойынша қарқынды дамып келеді. Соның ішінде сауда-экономикалық, инвестициялық, мәдени-гуманитарлық қатынастар беки түсуде. Екі ел арасында үкіметаралық деңгейде жақсы байланыс құрылып, Қазақстан мен Қытай үкімет басшыларының тұрақты кездесу механизмі жұмыс істеуде, парламентаралық, партияаралық ынтымақтастық дамуда", - дейді Р.Жошыбаев.

Оның айтуынша, екіжақты байланыстың ары қарай дамуына ҚХР Төрағасы Син Цзиньпиннің 2013 жылдың 6-8 қыркүйегінде жасаған мемлекеттік сапары ерекше серпін берді.

"Біздің астанамызда Қытай мемлекет басшысы өзінің тарихи сөзін айтты. Алғаш рет Қытайдың Орталық Азияға қатысты сыртқы саяси стратегиясын мәлімдеді. Оның сапарының негізгі нәтижесі ретінде бас-аяғы 35 млрд долларды құрайтын екіжақты 23 құжатқа қол қоюды айтуға болады", - деді ол.

Сонымен қатар, ол 20-21 мамыр күні Шанхайда өтетін АӨСШК кезекті саммиті туралы айтты. Онда біздің Мемлекет басшысы тарапынан басталған 1992 жылғы үкіметтік кеңесті табыстау өткізіледі.

"Біз Қытай басшысының Азиядағы өзара сенім және ықпалдастық шаралары жөніндегі кеңеске төрағалығы ары қарай дамуға ерекше серпін беретінін күтеміз. Жалпы, біз елдер арасындағы байланысты жоғары бағалап, алдағы уақытта оны тереңдете түсуге мүдделіміз", - деді ол.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны