05.06.2006, 19:26 2833

Қазақстан мен Куба арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімге таяу уақыттарда қол қойылады

АСТАНА. 5-маусым. Kazakhstan Today. Қазақстан мен Куба арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімге таяу уақыттарда қол қойылады. Бұл туралы бүгін премьер-министр Даниал Ахметов Куба Республикасының Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Тересита Капоте Камачоны қабылдау барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында Куба мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынастарды нығайтуға қатысты мәселелер талқыланды, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастықтың келешегіне қатысты пікір алмасылды.

Елші ханым: «Куба халқы денсаулық сақтау жүйесінде жаппай қол жеткізе алады. “Біздің еліміз өңірде балалардың өлім-жітіміне қатысты көрсеткіш ең төмен - 6,5 процентке тең. Кубада орташа өмір сүру деңгейі 78 жас»,- деп мақтанышпен атап өтті.

Үкімет басшысы Қазақстанның екіжақты ынтымақтастықты тереңдетуге ұмтылысын атап өтіп, медицинаны дамытудағы Кубаның тәжірибесіне еліміз ерекше қызығушылық танытатынына тоқталды.

Сондай-ақ ол жуырда еліміздің денсаулық сақтау министрі Ерболат Досаев бастаған үкіметтік делегацияның Кубаға сапары жоспарланып отырғанын
хабарлады.

Кездесу соңында Тересита Капоте Камачо екі ел арасындағы достық қатынастарды атап өтті. «Кубада бұрынғы Кеңес Одағы елдеріне деген үлкен алғыс сезімі бар, соның ішінде «экономикалық қоршау» кезінде біздің елімізге көмек қолын созған Қазақстанға да дән риза»,- деп мәлімдеді Камачо ханым.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны