21.05.2015, 14:20 3823

Қазақстан мен Люксембург арасындағы әуе қатынасы туралы келісім рәсімделді

Бүгін ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов пен Люксембург Премьер-Министрі Ксавье Беттельтіӊ кеӊейтілген құрамдағы келіссөздерініӊ нәтижесінде екіжақты бірқатар құжаттарға қол қойылды

Астана. 21 Мамыр. Kazakhstan Today - Бүгін ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов пен Люксембург Премьер-Министрі Ксавье Беттельтіӊ кеӊейтілген құрамдағы келіссөздерініӊ нәтижесінде екіжақты бірқатар құжаттарға қол қойылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Атап айтқанда, ҚР Инвестициялар және даму министрі Исет Исекешев пен Люксембург Ұлы Герцогтігі Орнықты даму және инфрақұрылым министрі Француа Бауш Қазақстан мен Люксембург арасындағы әуе қатынасы туралы келісімге қол жеткізді, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Мұнан бөлек, ҚР Ұлттық банкі төрағасыныӊ орынбасары Қуат Қожахметов пен Люксембургтіӊ Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Пиерь Ферринг ҚР Ұлттық банкі мен Люксембург Қаржы технологияларын беру жөніндегі агенттігі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумды рәсімдеді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны