07.09.2016, 17:46 3831

Қазақстан мен Макао визалық талаптарды алу бойынша өзара келісімге қол қояды - СІМ

СІМ хабарлағандай, кездесу аясында дипломатиялық пікір алмасу және тараптардыӊ жақын арада визалық тәртіптерді алу бойынша өзара келісімге қол қойылғаны белгілі болды. Тараптар Қазақстан мен Макао арасында ынтымақтастық әлеуетін кеӊейту мәселелерін талқылады.

Астана. 7 қыркүйек. Kazakhstan Today - ҚР Президенті Н.Назарбаевтыӊ G-20 саммитіне қатысу аясында Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов ҚХР Макао арнайы әкімшілік ауданыныӊ жетекшісімен кездесу өткізді.

СІМ хабарлағандай, кездесу аясында дипломатиялық пікір алмасу және тараптардыӊ жақын арада визалық тәртіптерді алу бойынша өзара келісімге қол қойылғаны белгілі болды. Тараптар Қазақстан мен Макао арасында ынтымақтастық әлеуетін кеӊейту мәселелерін талқылады.

G-20 саммиті алаӊында Е.Ыдырысов бірқатар сыртқы істер басшыларымен келіссөздер өткізді.

Атап айтсақ, Қытайдыӊ сыртқы істер министрі Ван Имен кездескен кезінде ҚР Президенті Н.Назарбаевтыӊ Қытайға сапарыныӊ қорытындылары талқыланды.

Сондай-ақ, Қазақстан мен Қытайдыӊ ынтымақтастығы бойынша өзекті мәселелері талқыланды.

Ресейдіӊ сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен кездесуінде тараптар Қазақстан мен Ресей өӊіраралық ынтымақтастық форумына дайындық мәселелерін қарастырды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны