02.07.2012, 16:06 2685

Қазақстан мен Македония президенттері екіжақты ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселесін талқылады

ҚР президентінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Ақордадағы салтанатты рәсімнен кейін шағын құрамда келіссөздер өтті. Кеңейтілген форматтағы келіссөздер Қазақстан Президентінің атынан Македония Президентінің құрметіне ресми таңғы аста жалғасты.

Астана. 2-шілде. Kazakhstan Today - Бүгін Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Македония Республикасының Президенті Георге Ивановпен кездесті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР президентінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Ақордадағы салтанатты рәсімнен кейін шағын құрамда келіссөздер өтті. Кеңейтілген форматтағы келіссөздер Қазақстан Президентінің атынан Македония Президентінің құрметіне ресми таңғы аста жалғасты.

Нұрсұлтан Назарбаев пен Георге Иванов екіжақты ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселесін, халықаралық күн тәртібін талқылады және одан арғы іс-қимылдың негізгі бағыттарын анықтады. Еуропадағы, Таяу Шығыстағы және Ауғанстандағы жағдай жөнінде пікір алмасты. Энергетикалық және аймақтық қауіпсіздік мәселелері, сондай-ақ әлемдік қаржы дағдарысының мүмкін боларлық салдарлары қаралды.

Тараптар энергетика, көлік, ауыл шаруашылығы, туризм, фармацевтика салаларындағы ынтымақтастықтың мүмкіндіктерін талқылады. Қазақстан Президенті мен Македония Президенті сауда-экономикалық ынтымақтастықты жандандыруға бағытталған кешенді шараларды белгіледі. Нұрсұлтан Назарбаев осы саладағы екіжақты қарым-қатынастардың деңгейі әзірше төмен екенін және екі елдің экономикалық әлеуетіне сәйкес келмейтінін атап өтті.

Келіссөздердің қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Македония Республикасының Президенті Георге Иванов Бірлескен мәлімдеме қабылдады. Бұл құжат саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты тереңдетуге бағытталған.

Сонымен қатар, ҚР Үкіметі мен МР Үкіметі арасындағы қосалқы салық салуды болдырмау және кіріске салынатын салыққа қатысты жалтарудың алдын алу туралы Келісімге, ҚР Үкіметі мен МР Үкіметі арасындағы инвестицияны ынталандыру және өзара қорғау туралы Келісімге қол қойылды. Тараптар сондай-ақ ҚР Үкіметі мен МР Үкіметі арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы Келісімге қол қойды.

Кездесу аяқталғаннан кейін екі елдің Президенттері БАҚ-қа арнап брифинг өткізді. Нұрсұлтан Назарбаев біздің елдеріміздің тарихында ұқсастық бар екенін атап өтті. Қазақстан КСРО құрамында, ал Македония Югославия құрамында болған.

Жаппы, Георге Ивановтың Қазақстанға сапары екі ел арасындағы стратегиялық ынтымақтастықтың перспективалық формасын анықтауға арналған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны