11.07.2014, 20:40 3617

Қазақстан мен Маврикий байланысты кеңейте түспек

Қазақстан Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов Маврикий Сыртқы істер министрі Арвин Боолелмен телефон арқылы сөйлесті. Сұхбат барысында тараптар екіжақты дипломатиялық қарым-қатынастар орнату мен оны дамыту болашағын талқылады.

Алматы. 11 шілде. Kazakhstan today. Қазақстан Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов Маврикий Сыртқы істер министрі Арвин Боолелмен телефон арқылы сөйлесті. Сұхбат барысында тараптар екіжақты дипломатиялық қарым-қатынастар орнату мен оны дамыту болашағын талқылады.

А.Боолел бастамасымен болған әңгіме аясында Маврикий министрі Қазақстан Африкада ең алдымен өзінің ядролық қарусыздану мен таратпау саласындағы ұстанымы арқасында танымал екендігін жеткізді. Оның айтуынша, Маврикий Қазақстанмен қарым-қатынасты нығайтуға мүдделі, және осыған орай Маврикийдің Ресейдегі Елшісі Қазақстанда да өкілдік етуге тағайындалды. Сонымен қатар, ол Маврикийдің Қазақстандағы Құрметті консулын тағайындау екіжақты үнқатысуға өз үлесін қосатынына сенімін жеткізді, дер ҚР СІМ хабарлады.

Өз кезегінде Е.Ыдырысов Қазақстан Африка елдерімен саяси және экономикалық байланыстарды кеңейтуге мүдделі екенін атап өтті. Сондай-ақ, өткен жылдан бастап жұмыс істейтін Қазақстанның Преторидағы Елшілігі де Қазақстан атынан Маврикийде қосымша өкілдік ететіні жөнінде ақпараттандырды. Иңгіме соңында Министр екі елдің екіжақты қарым-қатынасын формалды түрде рәсімдеу үшін дипломатиялық қарым-қатынастар орнату туралы Коммюникеге қол қоюды ұсынды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны