11.04.2014, 19:53 4260

Қазақстан мен Монғолия әуе қатынасы саласында өзара түсінік меморандумына қол қояды

Қазақстан-Монғолия көлік саласында ынтымақтастық бойынша жұмыс тобының бірінші отырысы шеңберінде тараптар екі елдің астаналары арасында тура әуе қатынасын ашуға мүмкіндік беретін әуе қатынасы жөніндегі үкіметаралық келісімді жүзеге асыру туралы меморандумның мәтінін бекітті.

Алматы. 11 сәуір. Kazakhstan today. Қазақстан-Монғолия көлік саласында ынтымақтастық бойынша жұмыс тобының бірінші отырысы шеңберінде тараптар екі елдің астаналары арасында тура әуе қатынасын ашуға мүмкіндік беретін әуе қатынасы жөніндегі үкіметаралық келісімді жүзеге асыру туралы меморандумның мәтінін бекітті.

Сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық бойынша ағымдағы жылдың мамыр айында қазақстан-монғолия үкіметаралық комиссиясының VI отырысы аясында аталған меморандумға қол қойылады деп күтілуде, деп ККМ хабарлады.

Бұдан бөлек, тараптар авиациялық іздеу мен құтқару аясындағы ынтымақтастық туралы Қазақстан мен Монғолия ынтымақтастығы туралы үкімет аралық келісімге, сондай-ақ әуе апаты мен оқиғалар жағдайында тергеу органдары арасындағы өзара түсіністіктер туралы меморандумға қол қоюды жеделдетуге келісті.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны