19.06.2015, 19:24 4010

ҚАЗАҚСТАН МЕН МОНҒОЛИЯ ПАРЛАМЕНТТЕРІ АРАСЫНДА ИРІПТЕСТІКТІ НЫҒАЙТУ ЖАЙЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ҚР Парламенті Мәжілісініӊ депутаты, Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетініӊ хатшысы Шавхат Өтемісов Монғолия Ұлы Хуралыныӊ Сыртқы саясат және қауіпсіздік жөніндегі тұрақты комитетініӊ төрағасы Жадамба Энхбаяр мен Монғолия Ұлы Хуралыныӊ Мемлекеттік құрылым жөніндегі тұрақты комитетініӊ басшысы Бәкей Ағыпар бастаған делегация мүшелерімен жүздесті

Астана. 19 Маусым. Kazakhstan Today - ҚР Парламенті Мәжілісініӊ депутаты, Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетініӊ хатшысы Шавхат Өтемісов Монғолия Ұлы Хуралыныӊ Сыртқы саясат және қауіпсіздік жөніндегі тұрақты комитетініӊ төрағасы Жадамба Энхбаяр мен Монғолия Ұлы Хуралыныӊ Мемлекеттік құрылым жөніндегі тұрақты комитетініӊ басшысы Бәкей Ағыпар бастаған делегация мүшелерімен жүздесті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Кездесу иелері қос мемлекет арасындағы жыл санап нығайып келе жатқан екіжақты қарым-қатынас жайын сөз етті. Исіресе, парламентаралық әріптестікті нығайтуға баса назар аударылды.

Ж. Энбаярдыӊ атап өткеніндей, қос ел арасында, соныӊ ішінде атом өнеркәсібі, уран, ауылшарушылығы салаларында өзара байланысты одан әрі тереӊдетудіӊ маӊыздылығы зор.

Кездесуге сондай-ақ, Экономикалық реформа және өӊірлік даму комитетініӊ мүшесі Асхат Бекенов қатысты.

ҚР Парламенті Мәжіліс Аппартыныӊ Баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны