21.02.2017, 23:13 4225

Қазақстан мен Моӊғолия тараптары атом саласындағы ынтымақтасты дамытудыӊ болашағын талқылады

Кездесулер барысында тараптар геологиялық барлау, уран өндіру және оны өӊдеу сияқты атом өнеркәсібініӊ ынтымақтастық үшін өзара қызығушылық тудырып отырған бірқатар бағыттарын атады.

Астана. 21 ақпан. Kazakhstan Today - "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ басқарма төрағасы Асқар Жұмағалиев Моӊғолияныӊ Мемлекеттік Ұлы Хуралы (Парламент) Төрағасы М. Энхболд, Тау-кен өнеркәсібі министрі Т. Дашдордж, Атом энергиясы жөніндегі комиссияныӊ бас хатшысы Г. Манлайжав және "МОН-АТОМ" мемлекеттік компаниясыныӊ атқарушы директоры Д. Далайжаргалмен кездесті.

"Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ хабарлағандай, тараптар екі елдіӊ атом саласындағы ынтымақтастығын дамытудыӊ болашағын талқылады.

"Қазіргі кезде Қазақстан уран қоры жөнінен әлемде екінші орында. Илемдік өндірістіӊ 21 пайызына ие "Қазатомөнеркәсіп" - табиғи уранға болған сұраныстыӊ шамамен 20 пайызын қамтамасыз ететін әлемдік нарықтағы жетекші табиғи уран жеткізіп беруші компания. Енді біз бизнесімізді реакторға дейінгі ядролық отын циклыныӊ барлық буынына әртараптандыруды жоспарлап отырмыз", - деді Асқар Жұмағалиев.

Кездесулер барысында тараптар геологиялық барлау, уран өндіру және оны өӊдеу сияқты атом өнеркәсібініӊ ынтымақтастық үшін өзара қызығушылық тудырып отырған бірқатар бағыттарын атады.

Тараптар сондай-ақ, серіктестік қарым-қатынастарды дамытуға және атом саласындағы бірлескен жобаларды іске асыруға ниеттестіктерін жеткізді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны