31.10.2008, 10:03 3001

Қазақстан мен Моңғолияның үкімет басшылары сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты қарым-қатынастардың жай-күйі мен келешегін талқылады

Қазақстан мен Моңғолияның үкімет басшылары сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты қарым-қатынастардың жай-күйі мен келешегін талқылады

Астана. 31 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Республикасының премьер-министрі Кәрім Мәсімов Моңғолияның үкімет басшысы Санжаагийн Баярмен кездесті, деп хабарлайды агенттік тілшісі үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тараптар сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты қарым-қатынастардың жай-күйі мен келешегін талқылады.

Премьер-министр Қазақстан мен Моңғолия арасындағы ынтымақастық дәстүрлі достық қарым-қатынастардың арқасында сындарлы сипатта дамып отырғанын атап өтті.

Кездесу соңында К. Мәсімов пен С. Баяр өзара тиімді және тату көршілестік негізінде екіжақты байланыстарды одан әрі дамыту қажеттігі туралы ортақ пікір білдірді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны