03.02.2014, 21:50 3699

Қазақстан мен Нидерланды арасындағы сауда 2013 жылы 35 пайызға өсті - Е. Ыдырысов

Қазақстан мен Нидерланды арасындағы сауда 2013 жылы 35 пайызға өсті. Бұл туралы Нидерланды Корольдігінің Сыртқы істер министрі Франс Тиммерманстың ресми сапары кезінде СІМ басшысы Ерлан Ыдырысов мәлімдеді.

Алматы. 3 ақпан. Kazakhstan today. Қазақстан мен Нидерланды арасындағы сауда 2013 жылы 35 пайызға өсті. Бұл туралы Нидерланды Корольдігінің Сыртқы істер министрі Франс Тиммерманстың ресми сапары кезінде СІМ басшысы Ерлан Ыдырысов мәлімдеді.

"Қазақстан мен Нидерланды - тұрақты ұзақмерзімді серіктестер. Біздің елдер арасында саяси, экономикалық, гуманитарлық сала бойынша тығыз қарым-қатынас орныққан. Нидерланды Еуропа ішінде жетекші орынға ие. Нидерланды Қазақстанға шетелдік инвестициялардың үлесін, 50 млрд долларды құрады. Қазақстан мен Нидерланды арасындағы сауда қарқынды дамуда. Осы жылы ол 10 млрд теңгеге жетті, яғни 35 пайызды құрады", - деді Е. Ыдырысов.

Жалпы, Нидерландыдан Қазақстанға түскен инвестиция 2005 жылдан бастап 2013 жылдың маусымы аралығында 48,04 млрд долларды құрады.

Кездесу аяқталған соң Е. Ыдырысов нидерландық тарапты индустриялық-инновациялық жобалардың жүзеге асуы мен Астанадағы ЭКСПО-2017 көрмесіне белсенді араласуға шақырды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны