26.09.2012, 16:10 2921

Қазақстан мен Өзбекстан президенттері екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады

Мемлекет басшылары екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін, сондай-ақ Өзбекстан Президенті И.Каримовтың 2012 жылдың 6-7 қыркүйегінде Қазақстанға ресми сапары аясында қол жеткізілген келісімдерді іске асыру барысын талқылады.

Астана. 26-қыркүйек. Kazakhstan Today - Бүгін Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев Өзбекстан Республикасының Президенті И.Каримовпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Мемлекет басшылары екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін, сондай-ақ Өзбекстан Президенті И.Каримовтың 2012 жылдың 6-7 қыркүйегінде Қазақстанға ресми сапары аясында қол жеткізілген келісімдерді іске асыру барысын талқылады.

Екі елдің көшбасшылары сапардың нәтижесін жоғары бағалады және тәуелсіз халықаралық сараптама жүргізуді және барлық мүдделі тараптың пікірлерін ескеруді талап ететін Сырдария өзенінің жоғарғы жағындағы гидротехникалық ғимараттардың құрылысының мәселесі бойынша бұрын айтылған ұстанымды тағы да қуаттады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны