11.06.2010, 13:44 2959

Қазақстан мен Өзбекстан президенттері екіжақты қарым-қатынас мәселелерін талқылады

Сонымен қатар, Президент Нұрсұлтан Назарбаев Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше-мемлекеттер басшыларымен бірге Өзбекстан өнер шеберлерінің концертін тамашалады.

Астана. 11-маусым. Kazakhstan Today - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ташкенттегі "Көксарай" резиденциясында Өзбекстан Президенті Ислам Каримовпен кездесті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі ҚР Президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар, Президент Нұрсұлтан Назарбаев Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше-мемлекеттер басшыларымен бірге Өзбекстан өнер шеберлерінің концертін тамашалады.

Естеріңізге сала кетсек, президент кеше Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше-мемлекеттер басшыларының мәжілісіне қатысу үшін Ташкентке келеген болатын.
Бұрын хабарлағанымыздай, "ШЫҰ-ға мүше елдер Мемлекет басшыларының шағын құрамдағы мәжілісіне, онан кейін кеңейтілген құрамдағы мәжілісіне қатысады. Мәжістің соңында қорытынды құжаттарға қол қою жоспарланып отыр.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны