17.04.2007, 12:24 1361

Қазақстан мен Өзбекстан президенттері телефонмен екі жақты ынтымақтастықтың басты бағыттары жөнінде әңгімелесті

АСТАНА. 17 сәуір. Kazakhstan Today. Кеше Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Өзбекстан президенті Ислам Кәрімов телефонмен екі жақты ынтымақтастықтың басты бағыттары жөнінде әңгімелесті. Бұл туралы президенттің баспасөз қызметі хабарлайды.

Президенттер әңгіме барысында екіжақты ынтымақтастықтың басты бағыттары мен өткен жылы президенттердің өзара сапарлары кезінде қол жеткізген келісімдерінің жүзеге асу жолдары туралы сөйлесті. Екі жақ та сауда-экономикалық қарым-қатынастың жемісті жүріп жатқанын атап өтті.

Сондай-ақ, Н.Назарбаев пен И.Кәрімов Орта Азиялық аймақтағы оқиғаларға тоқталып, аймақтық қауіпсіздікті нығайту, экстремизм мен терроризмге қарсы тұруға қатысты мәселелерді талқылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны