23.09.2016, 16:40 5235

Қазақстан мен Өзбекстан сауда-экономикалық ынтымақтастықтыӊ негізгі бағыттарын ұлғайту туралы хаттамаға қол қойды

Мемлекет басшысыныӊ тапсырмасымен ҚР Премьер-Министрініӊ бірінші орынбасары Асқар Мамин бастаған Үкімет делегациясы Ташкент қаласына жұмыс сапарымен барды.

Ташкент. 23 қыркүйек. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысыныӊ тапсырмасымен ҚР Премьер-Министрініӊ бірінші орынбасары Асқар Мамин бастаған Үкімет делегациясы Ташкент қаласына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды Kazakhstan Today Үкіметтіӊ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сапар барысында Өзбекстан Республикасы Президентініӊ міндетін уақытша атқарушы Шавкат Мирзиеевпен, Премьер-Министрініӊ бірінші орынбасары Рустам Азимовпен, Премьер-Министрініӊ орынбасары Улугбек Розукуловпен және сыртқы экономикалық байланыстар және сауда министрі Эльдор Ганиевпен келіссөздер жүргізілді.

Ш. Мирзиеев Өзбекстан халқыныӊ және жеке өзініӊ атынан Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа шынайы алғысын білдірді.

"Қиын күндері Нұрсұлтан Ибішұлы біздіӊ, өзбек халқыныӊ жанынан табыла білді. Біз бұл үшін оған өте ризамыз. Қазақ халқы - біздіӊ сенімді, шынайы әрі жақын досымыз", - деп баса айтты ол.

Ш. Мирзиеевпен кездесу барысында екіжақты сауда-экономикалық қарым-қатынастардыӊ жай-күйі мен болашағы, өнеркәсіптік әріптестік, көлік және транзит саласындағы байланыстарды нығайту мәселесі талқыланды. Сауда-экономикалық байланыстарды арттыру үшін зор әлеует бар екені атап өтілді.

"Екі ел арасындағы тауар айналымындағы теріс үрдісті бірлесе отырып өзгертуіміз қажет. Біздіӊ шынымен де іске асырылмаған мүмкіндіктеріміз жетерлік. Орта мерзімді перспективада бізге іс жүзінде тауар айналымын 2 есеге арттырып, 5 млрд АҚШ долларына дейін жеткізуіміз қажет", - деп атап өтті Ш.Мирзиеев.

А. Мамин кездесу барысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстанмен ынтымақтастықты дамытуға зор мән беретінін баса айтты.

"Біз сауда-экономикалық ынтымақтастықтыӊ барлық саласы бойынша үлкен перспективалар байқап отырмыз. Исіресе, энергетика, ауыл шаруашылығы, машина жасау, көлік және логистика саласында және т.б.", - деді А. Мамин.

Өзбекстан Республикасы Премьер-Министрініӊ бірінші орынбасары Рустам Азимовпен өткен келіссөздер барысында сауда-экономикалық байланыстарды кеӊейтудіӊ нақты шаралары талқыланды.

Тараптар келіссөздер нәтижелері бойынша Қазақстаннан Өзбекстанға ауыл шаруашылығы өнімдерініӊ, астық пен ұн экспортын арттыру, екі елдіӊ аумағы бойынша тасымалданатын жүк ағымдары үшін қолайлы тарифтік жағдай жасау, теміржол көлігі қызметінде өзара жеӊілдіктер қарастыру, Өзбекстаннан Қазақстанға жеміс-көкөніс өнімдерін жиі тасымалдайтын контейнерлік пойыздарды жолға шығару туралы келісімдерге қол жеткізілгені туралы нақтылады.

Р. Азимов "қазақстандық өнімніӊ сенімді тұтынушысы" болып табылатын Өзбекстан Республикасына Қазақстаннан жеткізілетін ұн мен мұнай өнімдерініӊ көлемін ұлғайтудыӊ маӊыздылығын атап өтті.

Сонымен қатар Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы аймақаралық ынтымақтастықты дамыту тетіктерін жасау, ауыл шаруашылығы, мұнай-химия, фармацевтика, химия саласында өзара тауар жеткізуді қамтамасыз етудіӊ, ақпараттандыру саласында кедендік өзара ықпалдастықты арттыруды күшейтудіӊ кепілі болып табылатын бірлескен сауда үйлерін ашу мәселелері қаралды.

"Астана және Алматы қалаларында бас кеӊселерін ашумен біріккен кәсіпорындар түріндегі сауда үйлерін құру біздіӊ өзара қажеттіліктерімізге сәйкес келеді", - деп атап өтті Р. Азимов.

Сондай-ақ А. Мамин экономиканыӊ нақты секторыныӊ бизнес қауымдастығы мен кәсіпорындары арасында тығыз іскерлік байланыстар орнату және өзара инвестициялар алмасу үшін екі ел нарығын ашу қажеттілігі туралы айтты.

Ташкент қаласына жұмыс сапарыныӊ қорытындысы бойынша А. Мамин мен Р. Азимов Сауда-экономикалық ынтымақтастықтыӊ негізгі бағыттарын ұлғайту туралы Хаттамаға қол қойды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны