14.05.2009, 18:34 2905

Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында 120 тонна жеміс-көкөніс өнімдері тиелген, мемлекеттік нөмірі жоқ КамАЗдар мен ЗИЛ көлігі ұсталды

Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында 120 тонна жеміс-көкөніс өнімдері тиелген, мемлекеттік нөмірі жоқ КамАЗдар мен ЗИЛ көлігі ұсталды

Астана. 14 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында 120 тонна жеміс-көкөніс өнімдері тиелген, мемлекеттік нөмірі жоқ КамАЗдар мен ЗИЛ көлігі ұсталды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "13 мамырда Сарыағаш шекара отрядының "Жуантөбе" шекаралық заставасы бөлігінде шекарашылар Сарыағаш аудандық қаржы полициясы қызметкерлерімен бірлесе отырып, Өзбекстан азаматтары айдаған, мемлекеттік нөмірі жоқ 12 КамАЗ бен ЗИЛ көлігін ұстады, оларға 120 тонна жеміс-көкөніс өнімдері тиелген".

"Бұл дерек бойынша тексеру жүргізілуде", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны