09.07.2014, 22:46 2654

Қазақстан мен Панама көпжақты ынтымақтастықты дамытуға мүдделі

Таяуда Панамада ҚР-ның Канададағы елшісі Константин Жигалов Қазақстан Республикасының құзіретті өкілі ретінде Панама Республикасының жаңадан сайланған Президенті Хуан Карлос Вареланы салтанатты ұлықтау рәсіміне қатысты, деп хабарлайды ҚР СІМ.

Алматы. 9 шілде. Kazakhstan today. Таяуда Панамада ҚР-ның Канададағы елшісі Константин Жигалов Қазақстан Республикасының құзіретті өкілі ретінде Панама Республикасының жаңадан сайланған Президенті Хуан Карлос Вареланы салтанатты ұлықтау рәсіміне қатысты, деп хабарлайды ҚР СІМ.

"К.Жигалов ҚР Президенті Н.Назарбаевтың құттықтауын жеткізіп, қазақстандық таратаптың Панамамен арада екіжақты және көпжақты ынтымақтастықтың жан-жақты байланысын құруға дайын екендігін білдірді", - делінген хабарламада.

Сапар аясында қазақстандық дипломат Панаманың вице-президенті - сыртқы істер министрі забель Сан Мало де Альварадомен кездесті.

"Кздесу барысында тараптар қазақстан-панама байланысын алдағы уақытта нығайта түсуіне қызығушылық танытты. К.Жигалов Панаманың сыртқы істер министрін Қазақстанға шақырып, Панама өкілдерінің Астанадағы "Болашақтың қуаты" тақырыбымен өтетін ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіне қатысуын сұрады", - деп хабарлайды ведомсвто.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны