10.05.2018, 20:46 4090

Қазақстан мен Польша Сенаттары диалогты нығайтуда

Президент Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ Польшаға 2016 жылғы мемлекеттік сапары табысты болды. Польша Президенті Анджей Дуданыӊ Қазақстанға сапары екіжақты байланыстарды нығайтуға едәуір үлес қосты, ол "ЭКСПО-2017" Халықаралық көрмесіндегі Польшаныӊ Ұлттық күніне қатысты.

Астана. 10 мамыр. Kazakhstan Today - Сенаттыӊ Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетініӊ хатшысы Төлеубек Мұқашев Польша Сенаты Денсаулық сақтау мәселелері комитетініӊ төрағасы Вальдемар Краскамен және Польша Сенаты Эмиграция мәселелері және шетелдегі поляктармен байланыс жөніндегі комитеті төрағасыныӊ орынбасары Артур Важохамен кездесу өткізді.

Польша делегациясын қарсы ала отырып, Т. Мұқашев екі елді дәстүрлі түрде жылы әрі достық қарым-қатынастар байланыстыратынын атап өтті. Дипломатиялық қарым-қатынастар орнаған кезден бастап ширек ғасырда барлық деӊгейдегі тұрақты саяси диалог орнатылды. Президент Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ Польшаға 2016 жылғы мемлекеттік сапары табысты болды. Польша Президенті Анджей Дуданыӊ Қазақстанға сапары екіжақты байланыстарды нығайтуға едәуір үлес қосты, ол "ЭКСПО-2017" Халықаралық көрмесіндегі Польшаныӊ Ұлттық күніне қатысты.

Сенатор қонақтарды Парламенттіӊ жоғарғы Палатасыныӊ Қазақстанныӊ саяси өміріндегі рөлі туралы, сондай-ақ саяси, экономикалық және әлеуметтік реформаларды заӊнамалық тұрғыдан қолдау бойынша депутаттар тарапынан жүргізіліп жатқан жұмыс жайлы хабардар етті.

Т. Мұқашев Қазақстан-Польша парламентаралық диалогы деӊгейіне жоғары баға берді. 2016 жылы Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтыӊ шақыруы бойынша Польша Сенатыныӊ Төрағасы Станислав Карчевскийдіӊ Қазақстанға ресми сапары болды. 2017 жылғы маусымда Астанаға Польша Сенатыныӊ вице-спикері Мария Коц келді.

Гуманитарлық байланыстарға тоқтала келе, Т. Мұқашев Қазақстаннан шыққан поляктардыӊ ерекше рөлін атап өтті, сенатордыӊ сөзінше, олар "халықтарымыздыӊ арасындағы достықты рухани байланыстырушы әрі нығайтушы дәнекер" болып табылады.

Өз кезегінде В. Краска мен А. Важоха Қазақстан халқына тарихтыӊ қиын-қыстау кезеӊдерінде өз отандастарын жылы қабылдағаны үшін алғыстарын білдірді. Польша парламентшілері мемлекеттеріміздіӊ саяси, экономикалық және гуманитарлық салалардағы стратегиялық әріптестігі одан әрі кеӊейе түсетіндігіне сенетіндерін айтты.

Кездесуге Сенаттыӊ Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетініӊ мүшесі Нұржан Нұрсипатов қатысты.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны