04.10.2016, 12:51 5114

Қазақстан мен Ресей арасында күнделікті 20 әуе рейсі қатынайды

Бүгінгі таӊда екі ел арасында күнделікті 20 әуе рейсі қатынайды. Қазақстан мен Ресей арасында 29 ұшу бағыты қамтылған.

Астана. 4 қазан. Kazakhstan Today - Қазақстан мен Ресей арасында күнделікті 20 әуе рейсі қатынайды. Бұл туралы Астанада бүгін өтіп жатқан Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығыныӊ XIII өӊіраралық форумы аясында "Бизнестіӊ қажеттілігін тиімді қамтамасыз ету контекстіндегі Қазақстан мен Ресейдіӊ көлік-логистикалық кешенініӊ дамуы" тақырыбында панельді сессияда Қазақстан Республикасыныӊ Инвестициялар және даму вице-министрі Берік Камалиев атап өтті, деп хабарлайды ҚР Инвестициялар және даму министрлігініӊ баспасөз қызметі.

Жиынға Қазақстан Республикасыныӊ Инвестициялар және даму вице-министрі Берік Камалиев пен Ресей Федерациясы көлік министрініӊ орынбасары - Статс-хатшы Сергей Аристов төрағалық етті.

Панельді сессияда Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастықтыӊ автомобиль, темір жол, теӊіз және әуе көліктері, сонымен қатар, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы автомобиль жолдарын дамыту сияқты негізгі мәселелер талқыланды.

Б.Камалиев өз сөзінде атап өткендей, Қазақстанныӊ темір жол және автомобиль жолдарыныӊ Ресейдіӊ ірі шекаралық аймақтарына шығу жағы қамтамасыз етілген. Бұл Қытайдан Еуропалық одақ елдері мен Парсы шығанағына Қазақстан мен Ресей арқылы шығатын және жолаушылар мен жүк тасымалыныӊ артуына мүмкіндік туғызатын халықаралық көлік дәлізі болып табылады.

Бүгінгі таӊда екі ел арасында күнделікті 20 әуе рейсі қатынайды. Қазақстан мен Ресей арасында 29 ұшу бағыты қамтылған.

Отырыс қортындысы бойынша, "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ, "Ресей автомобиль жолдары" Мемлекеттік компаниясы мен "РТ-Инвест Көлік Жүйесі" жауапкершілігі шектеулі қоғамы арасында өзара түсіністік және ынтымақтастық Меморандумына қол қойылды.

Панельді сессияға Ресей тарапынан Ресей Федерациясы Көлік министрлігініӊ, Федералды жол агенттігініӊ, Иуе көлігі федеральді агенттігініӊ, "Автодор" мемлекеттік компаниясыныӊ, "Ресей темір жолдары" ААҚ, "Росавтотранс" федеральді бюджеттік басқармасыныӊ, "Бірлескен көлік-логистикалық компания" өкілдері мен Челябинск, Свердловск, Новосибирск облыстары мен басқа да ресейлік көлік ұйымдарыныӊ өкілдері қатысты.

Отырысқа қазақстандық тараптан "KAZLOGISTICs" Қазақстан көлікшілер Одағыныӊ, "Қазақстан темір жолы" ҰК" Акционерлік қоғамыныӊ, Павлодар, Қостанай, Атырау, Солтүстік Қазақстан облыстарыныӊ, "Эйр Астана", "СКАТ", Қазақстан Республикасыныӊ "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасыныӊ, "ҚазАвтоЖол" акционерлік қоғамыныӊ, "Астана Халықаралық әуежайы" акционерлік қоғамыныӊ өкілдері және "AdilLogistic" ЖШС, "Қазақтеӊізкөлікфлоты" ҰТКҚК", "ТрансКом" ЖШС, "ЭТК Сервис" ЖШС және тағы басқалар қатысты.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны