04.10.2016, 12:22 4512

Қазақстан мен Ресей арасындағы тауар айналымын 2017 жылы 700 млн долларға жеткізу жоспарлануда

Бірлескен іс-шаралар аясында экономиканыӊ түрлі салаларында 4 млрд. АҚШ долл. астам сомаға 27 жобаныӊ іске асырылуы жоспарлануда.

Астана. 4 қазан. Kazakhstan Today - Қазақстанныӊ ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев Ресей экономикалық даму министрі Алексей Улюкаевпен екі жақты сауда-экономикалық ынтымақтастықтыӊ өзекті мәселелері мен Қазақстан мен Ресейдіӊ 2016-2017 жылдардағы өзара сауданы кеӊейтуге бағытталған шараларын талқылады, деп хабарлайды ҚР Ұлттық экономика министрлігініӊ баспасөз қызметі.

Кездесу Астанада өтіп жатқан Қазақстан мен Ресейдіӊ аймақаралық ынтымақтастығыныӊ XIII форумы аясында болып өтті.

Министрлер қазақстан-ресей қарым-қатынасыныӊ тұрақтылығын және интеграциялық процестердіӊ нығаюын атап өтті, сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық мәселелерін талқылады, сондай-ақ, әлеуметтік-экономикалық даму және екі елдіӊ үкіметтерініӊ дағдарысқа қарсы шаралары бойынша пікір алмасты.

Қазақстанныӊ ұлттық экономика министрі 2016-2017 жылдарға арналған өзара сауданы кеӊейтуге бағытталған шаралар Тізбесініӊ жобасы дайындалғанын хабарлады.

Бірлескен іс-шаралар аясында экономиканыӊ түрлі салаларында 4 млрд. АҚШ долл. астам сомаға 27 жобаныӊ іске асырылуы жоспарлануда.

Тараптар бизнес миссиялар, ақпараттық жүйелердіӊ интеграциялауын және өзара сауданыӊ деректерін салыстыруды жүргізу жөнінде келісті, бұл сауда айналымыныӊ ұлғаюына қосымша импульс береді және бизнес үшін қолайлы жағдайлар жасайды.

Сауда айналымын кеӊейту шараларыныӊ іске асырылуы

Қазақстан мен Ресей арасындағы сауда айналымын орта мерзімді перспективада 5 тен 11% дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Ресей тарапы қазақстан өӊірлерін газдандыру жобасы аясында жабықтар мен газ жеткізуге қызығушылығын танытты. Министрлер сондай-ақ қазақстандық кәсіпорындардыӊ Ресейдіӊ импорт алмастыру бағдарламаларына қатысу мүмкіндіктерін талқылады.

Кездесудіӊ қорытындысы бойынша министрлер талқылау барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды бекітетін хаттамаға қол қойды.

Кездесу барысында министрлер Қазақстан-Ресей қарым-қатынасыныӊ тұрақтылығы мен интеграциялық үрдістерді тереӊдету мәселелерін қарастырып, екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықтыӊ өзекті мәселелерін талқылады, сонымен қатар, екі ел үкіметтерініӊ дағдарысқа қарсы шараларына қатысты пікірлерімен алмасты.

"Ортақ сауда-экономикалық қарым-қатынастарды нығайту бойынша бірлескен әрекеттер жоспарын бекітетін хаттамаға қол қойылды. Жоспарда 45 ортақ шара бар. 2017 жылы тауар айналымын 700 млн долларға жеткізуді күтіп отырмыз, болашақта бұл дағдарысқа дейінгі деӊгейге шығуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, жобада 4 млрд доллар сомасыныӊ 27 нақты инвестициялық жобасын жүзеге асыру қарастырылған. Бұл машина жасау, металлургия, ауыл шаруашылығы жобалары және т.б. Бұл қазіргі таӊда іске асырылып жатқан немесе 2017 жылы бастау алатын нақты уағдаластықтар, - деді Қ. Бишімбаев.

Сонымен қатар, ведомство басшысы Ресей мен Қазақстандағы тауар айналымыныӊ соӊғы жылдары айтарлықтай төмендеп кеткенін айтып өтті.

"Біздіӊ өзара сауда айналымымыз 2014 жылмен салыстырғанда 25 пайызға төмендеді, бұл негізінен экономикалық жағдайға байланысты болып отыр. Сол себепті де біздіӊ тауар өндірушілерімізге ол жаққа шығу қиындық туғызып отыр, себебі Ресейде де тұтынушылық сұраныс деӊгейі азайған. Көптеген мәселелер сауда кедергісіне емес, ортақ экономикалық мәселеге байланысты. Ресей - біздіӊ сауда айналымымыздыӊ 20%-ы", - деді ол.

Министр қосарлы салық салу тетігін, РФ нарығына шығудыӊ көлік пен қазақстандық тауарлардыӊ логистикасын жетілдіру қажет екендігін айтты.

"Біздіӊ тауар өндірушілерімен ЕАЭО шеӊберіндегі жаӊа талаптарға, қауіпсіздік талаптарына және т.б. сай болуы керек. Ықпал етуге болатын, әкімшілік алаӊ да бар, бірақ жалпы біздіӊ тауар өндірушілерімізді Ресей нарығына шығармай ұстап тұратын тікелей шектеулер жоқ. Басқа сұрақтардыӊ барлығыныӊ шешімі бар, және оларды салалық қауымдастықтар деӊгейінде шешу керек", - деді Қ. Бишімбаев.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны