13.07.2017, 15:36 4441

Қазақстан мен Ресей Байқоӊыр қаласын дамытуды көздейтін бірлескен бағдарламаны жыл аяғына дейін қабылдайды

Қазақстан мен Ресей Байқоӊыр қаласыныӊ инфрақұрылымын дамытып, коммуналдық шаруашылықты жаӊғырту және тұрғындардыӊ әлеуметтік проблемаларын шешуді көздейтін бірлескен бағдарламаны жыл аяғына дейін қабылдайды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Президентініӊ "Байқоӊыр" кешеніндегі арнаулы өкілініӊ қызметін қамтамасыз ету басқармасыныӊ мамандары

Қызылорда. 13 шілде. Kazakhstan Today - Қазақстан мен Ресей Байқоӊыр қаласыныӊ инфрақұрылымын дамытып, коммуналдық шаруашылықты жаӊғырту және тұрғындардыӊ әлеуметтік проблемаларын шешуді көздейтін бірлескен бағдарламаны жыл аяғына дейін қабылдайды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Президентініӊ "Байқоӊыр" кешеніндегі арнаулы өкілініӊ қызметін қамтамасыз ету басқармасыныӊ мамандары.

Басқарма өкілдерініӊ дерегінше өткен айда Қазақстан-Ресей үкіметаралық комиссиясыныӊ 5-ші отырысына орай РФ Үкіметі төрағасыныӊ орынбасары Д. Рогозинніӊ сапары аясында Байқоӊыр қаласын дамыту бағдарламаларын қаржыландыру механизмі де келісілген.

Комиссия отырысында зенит-зымыран кешендері мен дүркіндете атудыӊ реактивтік жүйелерін жаӊғырту, Ми-35 тікұшақтарыныӊ ірі құрылғыларын құрастыру, пилотсыз ұшу аппараттарын бірлесе өндіру, майдан авиациясы және кеӊ көлемдегі тікұшақ техникасын жөндеу мен қызмет көрсету бойынша өӊірлік авиациялық орталықтар құру бағытында уағдаластықтарға қол жеткізілді.

Сондай-ақ, энергетика және халық шаруашылығыныӊ қажеттіліктері үшін қуаттылығы 2-ден 20 МВт-қа дейінгі газтурбиналық генераторларды өндіру және әскери авиация қозғалтқыштарын жөндеу бойынша орталық құру мәселесі айтылды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны