23.12.2014, 11:37 3333

Қазақстан мен Ресей басшылары екіжақты ынтымақтастықтыӊ басым салаларын талқылады

Мемлекет басшылары кездесу аясында 2013 жылғы 11 қарашадағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы ХХІ ғасырдағы тату көршілік және одақтастық туралы шартты ратификациялау туралы грамоталармен алмасу жөніндегі Хаттамаға қол қойды.

Mәскеу. 23 желтоқсан. Kazakhstan Today - Мемлекет басшылары екіжақты ынтымақтастықтыӊ басым салаларын, сондай-ақ еуразиялық интеграциялық үдерістіӊ даму барысын талқылады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин өӊірлік және халықаралық күн тәртібінде тұрған өзекті жайттар жөнінде пікір алмасты. Елбасы Н.Назарбаев В.Путинмен алғашқы кездесуден бері 15 жыл өткеніне тоқталды, деп хабарлады Ақорданыӊ баспасөз қызметі.

- Сіз 1999 жылы Үкімет төрағасы болған кезіӊізде Алматыға келдіӊіз. Осы жылдар ішінде Сіз Ресейде билік вертикалын қалпына келтірдіӊіз, соныӊ арқасында ол бүгінде мүлде басқа елге айналды. Өзіӊіз жариялаған Жолдауды және ойға алған жоспарларды жүзеге асыруда үлкен табыстар тілеймін. Биыл біз Астанада Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа қол қойдық. Ол келесі жылы жұмыс істей бастайды. Барлық кедергілерге қарамастан, біз бұл ұйымды қолдауға және оны өміршеӊ әрі барлығы үшін тартымды етуге тиіспіз, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Өз кезегінде Ресей Президенті екіжақты ынтымақтастықтыӊ негізгі перспективаларына және интеграцияны әрі қарай тереӊдету жөніндегі жоспарларға назар аударды.

Мемлекет басшылары кездесу аясында 2013 жылғы 11 қарашадағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы ХХІ ғасырдағы тату көршілік және одақтастық туралы шартты ратификациялау туралы грамоталармен алмасу жөніндегі Хаттамаға қол қойды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны