07.09.2016, 16:42 4481

Қазақстан мен Ресей мәдениет саласындағы ынтымақтастық бағдарламасына қол қойды

Мәскеуде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі мен Ресей Федерациясы Мәдениет министрлігініӊ арасында 2017-2019 жж. арналған мәдениет саласындағы ынтымақтастық бағдарламасына қол қойылды, деп хабарлады ҚР Мәдениет және спорт министрлігініӊ Баспасөз қызметі.

Астана. 7 қыркүйек. Kazakhstan Today - Мәскеуде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі мен Ресей Федерациясы Мәдениет министрлігініӊ арасында 2017-2019 жж. арналған мәдениет саласындағы ынтымақтастық бағдарламасына қол қойылды, деп хабарлады ҚР Мәдениет және спорт министрлігініӊ Баспасөз қызметі.

Құжатқа ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы және РФ Мәдениет министрі Владимир Мединский қол қойды.

Қол қойылған Бағдарламаға сәйкес, Қазақстан және Ресей жуық арада бейнелеу және сахна өнері, кинематография, кітапхана және мұражай ісі, сәндік-қолөнер, көркемөнер және цирк өнері, тарихи-мәдени мұра объектілерін сақтау, халық өнері саласынадағы ынтымақтастыққа жағдай жасайтын болады.

Одан басқа, екі мемлекет музыка мекемелері мен концерт ұйымдары, орындаушылармен, музыка ұжымдары және мамандарымен алмасуға, сонымен қатар Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясыныӊ шығармашылық одақтары арасындағы байланыстардыӊ кеӊейе түсуіне ықпал жасайды.

Қазақстан және Ресей мәдениет министрліктерініӊ басшылары айтып кеткендей, екіжақты мәдени байланыстарды дамытуда мәдениет және өнер саласындағы білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын кәсіби білім беру ұйымдары және жоғары білім беру ұйымдарыныӊ арасында байланыс орнату ерекше орын алады.

Бұл мақсатты жүзеге асыру үшін тараптар жоғары білім беретін оқу орындарыныӊ оқытушыларына мемлекеттердіӊ театр-ойын сауық мекемелері, жоғары білім беретін оқу орындары және мәдениет пен өнер ғылыми ұйымдарыныӊ негізінде кәсіби біліктілікті арттыру және шығармашылық тағылымдамалар ұйымдастырылады деп келісті.

Сонымен қатар А. Мұхамедиұлы жән В. Мединский қол қойған құжат екі елдіӊ кітапханалары арасында ынтымақтастықты дамыту, мұражай ісі саласында тәжірибе алмасу, Бүкіләлемдік мұраны сақтау аясында жаӊа бастамалар, аймақтық бағдарламалар мен стратегияларды ілгерілету мәселелерін қамтиды.

Осы орайда Қазақстан және Ресей Бүкіләлемдік мұра объектілерін басқару мен сақтау бойынша мамандарды кәсіби даярлау мен қайта даярлау аясында өзара байланысты қамтамасыз ететін болады.

Қазақстан Мәдениет және спорт министрі ресейлік әріптестерін Президент туралы фильмніӊ көрсетілімін ұйымдастырғандығы үшін алғысын білдіруді де ұмытпады.

"Біз бүгін маӊызды құжатқа қол қойып жатырмыз. Ол ұзақ жылдар бойғы әріптестігіміз кезінде қалыптасқан дәстүрлерді жалғастырады деген сенімдемін", - деді А. Мұхамедиұлы.

В. Мединский өз кезегінде Қазақстан және Ресей ынтымақтастығын дамытудыӊ жоғары серпінін сақтаудыӊ маӊыздылығы жөнінде айтты. "Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі және Ресей Федерациясы Мәдениет министрлігі арасында ынтымақтастық дәстүрлі жоғары деӊгейде сақталып отырғандығын ерекше айтып өткім келеді. Бұл ынтымақтастық бүгінгі қол қойылып жатқан құжат секілді ресми шаралармен қатар, еӊ бастысы, екі мемлекет арасындағы жақсы деӊгейдегі адами қарым-қатынастарды да қамтиды", - деп ойымен бөлісті Ресей ведомствосыныӊ басшысы.

Еске салып кетсек, үстіміздегі жылдыӊ мамыр айында ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы және РФ Кинематографистер одағыныӊ төрағасы Никита Михалков кино саласындағы мәдени ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Аталмыш меморандумда еуразиялық кино саласын дамытуға ерекше мән беріледі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны