22.09.2008, 18:25 3011

Қазақстан мен Ресей президенттері Ақтөбеде жаңадан ашылған Свято-Никольский православиелік шіркеуінде болды

Қазақстан мен Ресей президенттері Ақтөбеде жаңадан ашылған Свято-Никольский православиелік шіркеуінде болды

Ақтөбе. 22 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан мен Ресей президенттері Нұрсұлтан Назарбаев пен Дмитрий Медведев Ақтөбеде жаңадан ашылған Свято-Никольский православиелік шіркеуінде болды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Ғимарат үш нефі бар шіркеу, қоңыраухана мен оларды өзара қосатын бөліктен құралған архитектуралық композиция ретінде салынған.

Облыстық ішкі саясат басқармасының хабарламасына сәйкес, құрылыс-монтаж жұмыстарының сметалық құны 486 млн теңгені құрады. Оны салуға арналған қаржы қайыр-садақа арқылы жиналды. Ақтөбеде шіркеу салу туралы шешім 2006 жылы қабылданған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны