20.09.2012, 17:51 3022

Қазақстан мен Ресей президенттері қаржы саласындағы ынтымақтастықты талқылады

Бұл туралы кеше Павлодарда өткен бірлескен қорытынды брифинг барысында Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин мәлім етті.

Павлодар. 20-қыркүйек. Kazakhstan Today - Қазақстан мен Ресей президенттері қаржы саласындағы ынтымақтастықты талқылады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы кеше Павлодарда өткен бірлескен қорытынды брифинг барысында Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин мәлім етті.

"Біз Еуразиялық экономикалық одақ құрылғанға дейін интеграциялық ықпалдастықты одан әрі жетілдіруді көздеп отырмыз. Біз бүгін Нұрсұлтан Ибішұлымен валюта-несиелік, қаржы салаларындағы ықпалдастық туралы сөйлестік. Қазақстан Президенті бұл мәселені, ұлттық валюталарымызда ауытқулар болған жағдайда. біздің бәсекеге қабілеттігімізді ұдайы ұстап тұратын және экономикаларымыз бен нақты кәсіпорындар - экономикалық қызметке қатысушылар үшін қандай да бір әбестіктер мен шығындар болмайтындағы механизм әзірлеуіміз керек дегенді меңзеп көтерді", - деді Ресей Федерациясының басшысы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны