22.02.2007, 14:20 3182

Қазақстан мен Ресей республиканың әскерін қайта құру бағдарламасының жобасын бірлесіп жасайды

ҚАРАҒАНДЫ. 22-ақпан. Kazakhstan Today. Қазақстан мен Ресей республиканың әскерін қайта құру бағдарламасының жобасын бірлесіп жасайды. Бұл туралы еліміздің қорғаныс министрі Даниал Ахметов Қарағандыда өткен баспасөз мәслихатында журналистерді құлағдар етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Қорғаныс министрі жауырда бұл мәселенің Мәскеуде "Рособороноэкспорт" Федералдық мемлекеттік біртұтас кәсіпорнының бас директоры Сергей Чемезовпен кездесуде талқыланғанын еске салды.

"Біз таяу уақыттарда республика әскерін қайта құру бағдарламасының жобасын бірлесіп жасаймыз. Бұл Ресеймен бірлескен бағдарлама. Бағдарлама шамамен бір айдан кейін дайын болады. Бұның бәрі бізге 2015-жылға дейін Қазақстан Республикасының әскери күштерінің бейнесін анағұрлым өзгертуге мүмкіндік береді",- деді Д.Ахметов брифингте.

Республиканың әуе қорғаныс күштері туралы сөз қозғаған Д.Ахметов "бұл саланың үлкен әлеуеті бар екенін" атап өтті. "Біздің тамаша ұшақтарымыз бар. Қарағандыдағы "Сарыарқа" әуе базасында еліміздің ең заманауи әуе күштері орналасқан",- деді қорғаныс министрі.

"Дегенмен, әуе күштерін өзгерту қажет. Бұл - қарулы күштердің құрылымы мен әскери мәдениетті өзгерту деген сөз. Ол әскери мамандарды оқытуға және қажетті техниканы сатып алуға байланысты",- деді ол. "Қолда бар техниканы модернизациялауды бір айда жүзеге асыру қажет",- деді министр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны