03.04.2015, 19:50 3588

Қазақстан мен Ресей сарапшылары соғыс жүргізудіӊ жаӊа үлгілерін талқылады

"Соғыс жүргізудіӊ жаӊа үлгілері Еуразия кеӊістігіндегі қауіпсіздікке төнетін қатерлер ретінде" тақырыбында өткен семинарда Л. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетініӊ ғалымдары ресейлік әріптестерімен бірлесіп Еуразия кеӊістігіндегі қауіпсіздік мәселелерін талқылады

Астана. 3 сәуір. Kazakhstan Today - "Соғыс жүргізудіӊ жаӊа үлгілері Еуразия кеӊістігіндегі қауіпсіздікке төнетін қатерлер ретінде" тақырыбында өткен семинарда Л. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетініӊ ғалымдары ресейлік әріптестерімен бірлесіп Еуразия кеӊістігіндегі қауіпсіздік мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Еуразия кеӊістігіндегі интеграциялық үдерістер мен өзгерістер, халықаралық аренадағы оқиғалар екі ел ғалымдарын осындай сарапшылар алаӊын құруға итермеледі. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

"Кез-келген қарулы қақтығыс жаӊа білім алуға себепші болып табылады. Сириядағы, Украинадағы қақтығыстар олардыӊ қарулы күштерініӊ құрылымы мен қару-жарағы біздікіне жақын болғандықтан жағымды және жағымсыз тәжірибесін зерделеуге қазақстандықтардыӊ қызығушылығы туындайды", - деп Искери-стратегиялық зерттеу орталығыныӊ вице-президенті запастағы полковник Рафик Таиров атап өтті.

Сарапшылардыӊ айтуынша, бүгінгі күнге дейін гибридті соғыстардыӊ табиғаты туралы әскери теоретиктердіӊ біркелкі әскери танымдық көзқарасы жоқ. Осы жөнінде біреуі қарулы қақтығыстыӊ жаӊа түрлері деп таныса, ал екіншілері соғыстыӊ жаӊа түрі деп қарастыруда. Р.Таировтыӊ сөзіне сүйенсек, дәстүрлі қауіп-қатерге қарсы күресу бойынша ҰҚШҰ құрылымындағы әскерлердіӊ іс-қимылын реттейтін теориялық пайымдаулар мен құжаттарды әзірлеу талап етіледі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны