11.11.2018, 22:10 4089

Қазақстан мен Ресей сенаторлары Каспий теӊізініӊ құқықтық мәртебесі туралы конвенцияны ратификациялау мәселесін талқылады

Ақтау қаласында Қазақстан Республикасыныӊ Парламенті Сенаты мен Ресей Федерациясы Федералдық Жиналысы Федерация Кеӊесініӊ Ынтымақтастық жөніндегі комиссиясыныӊ 13-ші отырысы болды. Отырысқа Иран делегациясы да қатысты.

Астана. 11 қараша. Kazakhstan Today - Ақтау қаласында Қазақстан Республикасыныӊ Парламенті Сенаты мен Ресей Федерациясы Федералдық Жиналысы Федерация Кеӊесініӊ Ынтымақтастық жөніндегі комиссиясыныӊ 13-ші отырысы болды. Отырысқа Иран делегациясы да қатысты.

Сенат Төрағасыныӊ орынбасары Сергей Громов шараны аша келіп, Каспий теӊізініӊ құқықтық мәртебесі туралы конвенцияға қол қойылған Каспий маӊы мемлекеттері басшыларыныӊ Ақтау саммитініӊ қорытындыларын Астана жоғары бағалайтынын атап өтті.

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев атап өткендей, Конвенция теӊіздіӊ суын, түбін, қойнауын, табиғи ресурстары мен әуе кеӊістігін қоса алғанда осы су айдынына қатысты тараптардыӊ барлық құқықтары мен міндеттемелері айқындалған және реттелген "Каспий теӊізініӊ конституциясы" болып табылады.

Бұл құжат теӊіздегі құқықтар мен егемендіктіӊ аражігін ажыратуға, қойнауын пайдалану, транзит пен тасымалдауқұқықтарын жүзеге асыруға, су асты құбырлары мен желілерді жүргізуге, тариғи орта мен биологиялық ресурстарды қорғауға байланысты ауқымды мәселелерді қамтиды.

Сенат Төрағасыныӊ орынбасары осынау ерекше құжатқа қол қою жөніндегі келісімге келудегі Ресей мен Иранныӊ үлесін жоғары бағалады. "Бұл бәріміз үшін зор жетістік деп санаймын. Бүгінгі отырыс біздіӊ елдеріміз басшыларыныӊ тілегін өмірге енгізу", - деді С.Громов. Ол Конвенцияға қол қойылуы осынау ерекше су айдынына екіжақты деӊгейде де, көптарапты сипатта да бейбітшілік пен өзара тиімді ынтымақтастық аймағы мәртебесін бекітуге мүмкіндік беретінін атап өтті. "Енді Конвенцияны ұзаққа созбай, біздіӊ парламенттеріміздіӊ ратификациялағаны маӊызды болып отыр. Биылғы 6 қарашада Конвенцияны ратификациялау жөніндегі құжаттар топтамасы Қазақстан Республикасыныӊ Үкіметінде қаралғанын хабарлаймын. Конвенцияны ратификациялау туралы заӊ жобасын Үкімет алдағы уақытта Парламент Мәжілісіне береді деп күтіп отырмыз", - деді С.Громов.

Сөз алған Ресей Федерациясы Федералдық Жиналысы Федерация КеӊесіАграрлық-азық-түлік саясаты және табиғатты пайдалану комитеті төрағасыныӊ орынбасары Сергей Белоусовжәне Иран Ислам Консультативтік Кеӊесі Төрағасыныӊ бірінші орынбасары Масуд Пезешкиан Конвенцияны уақытында ратификациялаудыӊ маӊызы туралы айтты.

Отырыс барысында екі елдіӊ сенаторлары Бірыӊғай экономикалық кеӊістік аясында Маӊғыстау облысы мен Ресейдіӊ Дағыстан Республикасын мысал ете отырып, шекаралық аймақтарды дамытуды, Каспийдегі туризм, экология мен биоресурстарды қорғау саласындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады.

С.Громов пенИран Ислам Консультативтік Кеӊесі Төрағасыныӊ бірінші орынбасары Масуд Пезешкианныӊ кездесуінде парламентаралық ынтымақтастық және екіжақты қатынастарды, оныӊ ішінде парламентаралық үнқатысуларды одан әрі нығайту мәселелері талқыланды.

Отырысқа сенаторлар Жеӊіс Нұрғалиев, Ольга Перепечина, Михаил Бортник, Ғұмар Дүйсембаев және Бақтыбай Шелпеков қатысты.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны