25.05.2009, 18:15 2951

Қазақстан мен Ресей шекарасында "Терісаққан" шекаралық заставасының кешені пайдалануға берілді

Қазақстан мен Ресей шекарасында "Терісаққан" шекаралық заставасының кешені пайдалануға берілді

Астана. 25 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан мен Ресей шекарасында ҚР ҰҚК Шекара қызметінің "Батыс" аймақтық басқармасының Ақтөбе шекара отрядының "Терісаққан" шекаралық заставасының кешені пайдалануға берілді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі ҚР ҰҚК баспасөз қызметінің хабарламасына сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "Терісаққан" - "Батыс" өңірлік басқармасының шекаралық бөлімшелерінде пайдалануға берілген бірінші типтік шекаралық застава.

Шекаралық жаңа заставаның жалпы құны 241 млн теңгені құрады.

Жаңа шекаралық застава кешенінде әскери нысандарды салуда қойылатын барлық заманауи талаптар ескерілген. Кешенге сонымен бірге офицерлерге арналған тұрғын үй мен борышын келісім-шартпен өтейтін әскерилерге арналған жатақхана да кіреді.

Жалпы алғанда Шекара қызметінің бөлімшелерінде жылдың аяғына дейін жалпы құны 8 млрд 143 млн теңгені құрайтын 30 нысанды пайдалануға беру жоспарлануда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны