30.03.2007, 10:50 3016

Қазақстан мен Ресей үкімет басшылары екі елдің ынтымақтастығына қатысты мәселелерді талқылайды

АСТАНА. 30-наурыз. Kazakhstan Today. Астанада Қазақстан үкімет басшысы Кәрім Мәсімов пен Ресей үкімет басшысы Михаил Фрадковтың кездесуі басталды, онда екі елдің ынтымақтастығына қатысты мәселелер талқыланады, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Біз екі елдің ықпалдастығының деңгейі мен сапасын сипаттайтын мәселелерді талқылайтын боламыз... Тек бүгін қол қойылатын келісімдерге қатысты ғана емес, сонымен бірге таяу уақыттағы біздің іс-әрекеттерімізді жоспарлап, нақты жобаларды талқылауымыз қажет. Екі үкіметтің өзара жұмыстарын дұрыс құру қажет",- деді М.Фрадков кездесу алдында.

Қазір Қазақстан және Ресей делегацияларының кеңейтілген құрамдағы отырысы өтуде.

Кездесулердің қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы үкіметі РФ үкіметі арасындағы 2002-жылдың 7-маусымындағы мұнай транзиті туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі хаттамаға қол қойылады. ҚР СІМ-нің ақпаратына сәйкес, Қазақстан жағынан бұл құжатқа энергетика және минералды ресурстар министрі Бақтықожа Ізмұхамбетов, Ресей жағынан - өнеркәсіп және энергетика министрінің орынбасары Андрей Реус қол қояды.

Сонымен бірге "Қазақстан даму банкі" АҚ мен Ресейдің Внешэкономбанкі арасындағы ынтымақтастық жөніндегі келісімге қол қойылмақ. Бұл құжатқа Қазақстан даму банкінің президенті Асқар Сенбин мен Внешэкономбанк төрағасы Владимир Дмитриев қол қояды. Сонымен қатар Еуразиялық даму банкі мен Внешэкономбанк арасындағы ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қою жоспарланған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны