28.10.2008, 10:04 1656

Қазақстан мен Ресей үкімет басшылары телефон арқылы сөйлесті

Қазақстан мен Ресей үкімет басшылары телефон арқылы сөйлесті

Алматы. 28 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан мен Ресей үкімет басшылары телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды агенттік тілшісі Ресей Федерациясы үкіметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, кеше Қазақстан үкімет басшысы Кәрім Мәсімов Ресей үкімет басшысы Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті.

Сұхбат барысында тараптар алдағы күндері Астанада өтетін екі жақты Қазақстан -Ресей жоғарғы деңгейлі кездесуіне және Шанхай ынтымақтастығы ұйымының үкімет басшыларының кездесуіне дайындық барысын талқылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны