16.04.2014, 19:55 2892

Қазақстан мен Ресей Үкіметтерінің басшылары КО және БЭК аясындағы іс-қимыл мәселелерін талқылады

Мәскеуге жұмыс сапары шеңберінде ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов РФ Үкіметінің төрағасы Дмитрий Медведевпен кездесті.

Алматы. 16 сәуір. Kazakhstan today. Мәскеуге жұмыс сапары шеңберінде ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов РФ Үкіметінің төрағасы Дмитрий Медведевпен кездесті.

Кездесу барысында Қазақстан-Ресей ынтымақтастығын дамыту, сондай-ақ Кедендік одақ пен Бірыңғай экономикалық кеңістік шеңберіндегі одан арғы іс-қимыл мәселелері талқыланды, деп ҚР Үкіметінің ресми порталы хабарлады.

Тараптар екіжақты іс-қимылдар деңгейін жоғары бағалап, мемлекетаралық қатынастардың барлық спекторы бойынша байланыстарды одан әрі тереңдете түсуге мүдделі екендіктерін растады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны