02.07.2008, 19:07 2370

Қазақстан мен Ресейдің арнаулы қызметтері есірткі тасымалдайтын екі арнаны жойды

Қазақстан мен Ресейдің арнаулы қызметтері есірткі тасымалдайтын екі арнаны жойды

Алматы. 2 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан мен Ресейдің арнаулы қызметтері есірткі тасымалдайтын екі халықаралық арнаны жойды, деп хабарлайды агенттік тілшісі Алматы қалалық ҰҚКД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, кокаин мен басқа да психотроптық заттар Германия, Польша және Литвадан Ресей аумағы арқылы Қазақстанға тасымалданып отырған. Операция барысында "Қазақстандағы ірі кокаин партиясы (500 грамнан аса) мен 150 синтетикалық препарат - "экстази" таблеткасы тәркіленді", делінген хабарламада.

Заңсыз арнаны Қазақстан, Қырғызстан мен Украина азаматтары ұйымдастырған. Олардың бәрін Алмалы аудандық соты 7 - 11 жылға бас бостандықтарынан айырды.

Тәжікстан мен Қырғызстаннан Қазақстан аумағы арқылы Қытайға жеткізетін тағы бір есірткі тасымалы арнасын Қазақстан азаматы құрған. Ол Алматыда "Атлантик" көңіл көтеру кешенінің жанында ұсталды, одан 3178 экстази таблеткасы тәркіленді, деп хабарлайды ҰҚКД. Ол 16 жылға абақтыға айдалды.

Тағы бір Қазақстан азаматы бағытты автобустың жүксалғышында Алматыдан Өскеменге 14 кг героин жеткізбек болған талпынысы кезінде құрықталды. Алматы облысының Жамбыл аудандық сотының судьясы оны 10 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды.

Сонымен бірге, Тәжікстанның бір, Қырғызстанның екі азаматынан 14 кг апиын тәркіленді. Олар қырғызстан мен Қазақстан арасында есірткі тасымалын ұйымдастырған. Шетелдіктер тиісінше 11, 14 және 7 жылға бас бостандықтарынан айрылды.

Екі Қазақстан азаматы наурыз айында "42 кг марихуананы сату үшін тасымалдаған кезде ұсталды. Бұл қылмысы үшін екі адам 10 жылға түрмеге жіберілді", -делінген хабарламада.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны