04.07.2014, 20:19 3065

Қазақстан мен Ресейдің қорғаныс министрлері әскери ынтымақтастықты талқылады

Бүгін ҚР Қорғаныс министрі Серік Ахметов ТМД-ға қатысушы мемлекеттер қорғаныс министрлері кеңесінің отырысы шеңберінде Ресей қорғаныс ведомствосының басшысы Сергей Шойгумен кездесті.

Алматы. 4 шілде. Kazakhstan today. Бүгін ҚР Қорғаныс министрі Серік Ахметов ТМД-ға қатысушы мемлекеттер қорғаныс министрлері кеңесінің отырысы шеңберінде Ресей қорғаныс ведомствосының басшысы Сергей Шойгумен кездесті.

Тараптар ТМД форматында көпжақты әскери ынтымақтастық жүйесін жетілдірудің, әскери саладағы интеграциялық процестерді дамытудың маңыздылығын атап өтті, деп қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Кездесу соңында ҚР ҚМ мен РФ ҚМ арасындағы 1994 жылғы 19 қазандағы ҚР ҚК мен РФ ҚК әскери аэродромдарында қабылдауды ұйымдастыру, аэродромдық-техникалық қамтамасыз ету және әскери әуе кемесін күзету туралы Келісімге өзгертулер енгізу туралы Хаттамаға қол қойылды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны