02.08.2016, 12:17 4175

Қазақстан мен Ресейдіӊ Қорғаныс министрлері екіжақты кездесу өткізді

Ресей Федерациясымен әскери-техникалық ынтымақтастық шеӊберінде Қазақстан мен Ресей президенттерініӊ уағдаластығы негізінде біздіӊ тарапқа 5 дана С-300 зениттік зымыран кешені берілді. Одан басқа, ресей тарапы осы кешендерге 170-тен аса зениттік зымырандарды тапсыру жөніндегі мемлекетішілік процедураны ресімдеуді аяқтауда.

Астана. 2 тамыз. Kazakhstan Today - Сейсенбі, 2 тамыз күні Қазақстан Республикасыныӊ Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов пен Ресейдіӊ Қорғаныс министрі Сергей Шойгудыӊ арасында келіссөз өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Келіссөз барысында тараптар жақын арадағы болашақта өзара іс-қимыл мәселелерін, сондай-ақ, екіжақты әскери және әскери-техникалық ынтымақтастықтыӊ оӊ серпінін атап өтіп, қорғаныс саласындағы бірқатар мәселелерді талқылады, деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.

Ресей Федерациясымен әскери-техникалық ынтымақтастық шеӊберінде Қазақстан мен Ресей президенттерініӊ уағдаластығы негізінде біздіӊ тарапқа 5 дана С-300 зениттік зымыран кешені берілді. Одан басқа, ресей тарапы осы кешендерге 170-тен аса зениттік зымырандарды тапсыру жөніндегі мемлекетішілік процедураны ресімдеуді аяқтауда.

ҰҚШҰ шеӊберінде мүше мемлекеттер арасында әскери мақсаттағы өнімді транзиттеу және әскери тасымалдауларды жүзеге асыру тәртібін жеӊілдетуге мүмкіндік беретін мемлекетаралық келісім жасасу бойынша мәселе қаралды.

Мұндай келіссөздердіӊ маӊызды нәтижелері ретінде ҚР мен РФ қорғаныс ведомстволарыныӊ торапты бірлесіп пайдалануға көшуді, қазақстандық мамандарды оқыту және бұдан бұрын ресей тарапымен пайдаланылған жер телімініӊ шекараларын қысқартуды көздейтін зымыранныӊ шабуылы туралы алдын алу жүйесінде Балқаш торабын тапсыру және пайдаланудыӊ жаӊа шарттарын айқындау туралы келісімніӊ бекітілуін ойдағыдай деп атап өтуге болады.

"Искери-техникалық ынтымақтастық саласында біздіӊ әрі қарайғы жұмысымыздыӊ жаӊа шеӊберін, жаӊа шекарасын ашатын келісімге қол қойдық", - деп Иманғали Тасмағамбетов Ресей қорғаныс ведомствосыныӊ басшысымен келіссөзден кейін хабарлады.

Өткен жылдан бастап әскери-техникалық ынтымақтастық туралы қазақстандық-ресейлік шарт қолданысқа енгізілгенін айта кеткен жөн. Аталған шарттыӊ тетігі Қарулы Күштерімізге ресейлік армиясына секілді құны мен жинақталуы бойынша бірқатар заманауи қару-жарақтыӊ жеткізілуіне мүмкіндік берді. Бұл Су-30СМ жойғыштары, Ми-171Ш пен Ми-35 әскери-көліктік және жауынгерлік тікұшақтары, радиотехникалық барлау және мониторингілеу құралдары, сондай-ақ, өзге де қару-жарақ.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны