25.04.2014, 19:31 4947

Қазақстан мен Румыния ынтымақтастықты одан әрі арттырмақ

Бухарест қаласында ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Алексей Волков және Румынияның Сыртқы істер министрлігінің Мемлекеттік хатшысы Богдан Ауреску деңгейінде екі елдің сыртқы саяси ведомстволары арасындағы кезекті консультациялар өткізілді.

Алматы. 25 сәуір. Kazakhstan today. Бухарест қаласында ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Алексей Волков және Румынияның Сыртқы істер министрлігінің Мемлекеттік хатшысы Богдан Ауреску деңгейінде екі елдің сыртқы саяси ведомстволары арасындағы кезекті консультациялар өткізілді.

Сапар барысында қазақстандық делегация басшысы Румыния Сыртқы істер министрі Титус Корлацеанмен екіжақты кездесу өткізді, деп Сыртқы істер министрлігінен хабарлады.

Тараптар екіжақты және көпжақты ынтымақтастығының кең ауқымды мәселелер топтамасын талқылап, халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты. Сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамыту, екі елдердің көліктік-транзиттік әлеуетін өзара тиімді пайдалану келешегі, сондай-ақ шарт-құқықтық қорын кеңейту мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді. Энергетика саласындағы жоғары деңгейдегі ынтымақтастықты және оның негізін қалайтын "ҚазМұнайГаз Интернешнл" компаниясының қызметі атап өтілді.

Тараптар қазақстандық-румын Үкіметаралық сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық комиссияның жұмысына ерекше көңіл бөлуде.

ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары А.Волков Румынияны Астанадағы ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіне, сондай-ақ Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы шеңберінде Қазақстанда бірлескен басым инвестициялық жобаларды іске асыруға шақырды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны