09.07.2014, 23:06 3075

Қазақстан мен Швейцария арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды

Бүгін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі мен Швейцария арасында өзара түсіністік туралы меморандумға және қосарлана салық салуды болдырмау туралы Конвенцияның Хаттамасын түсіндіру бойынша хатқа қол қойылды.

Алматы. 9 шілде. Kazakhstan today. Бүгін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі мен Швейцария арасында өзара түсіністік туралы меморандумға және қосарлана салық салуды болдырмау туралы Конвенцияның Хаттамасын түсіндіру бойынша хатқа қол қойылды.

"Бірнеше бағытта жұмыстар қолға алынбақ. Кедендік және салықтық салада қазыналық шарттарының ашықтығын қамтамасыз ету мен мемлекеттік сатып алу және өзге де мәселелер бойынша комитеттер мен бөлімшелерге тиісті өзара байланысты қамтамасыз ететін жұмыс топтары құрылады. Бұл тәжірибе алмасу, үздік әлемдік стандарттарды енгізудегі маңызды бағыттардың бірі", - дейді қаржы министрі Бақыт Сұлтанов.

Екінші бір маңызды құжаттардың бірі, министрдің айтуынша, екі қайтара салық салудың алдын алу туралы Конвенцияның Хаттамасын түсіндіру бойынша хат алмасуға мүмкіндік беретін құжат.

"Кәсіпкерлердің қандай да бір ақпаратты дұрыс қодануына мүмкіндік беретін бұл құжаттың маңызы зор. Біз екі қайтара салық салуды алдын алатын құжатты 40 шақты елмен құрдық. Бұл инвестиция үшін өте қажет. Біз барлық тауар айналымының 95 пайызын осынау шаралармен қамтамасыз етіп отырмыз", - дейді ол.

Айта кетерлік жайт, бүгінде қазақстандық-швейцариялық ынтымақтастықтың кеңістігі кең және ол көптеген салаларды қамтиды.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін ресми сапармен Астанаға Швейцарияның Федералды кеңесшісі, Федералды қаржы министрлігінің жетекшісі Эвелин Видмер-Шлюмпф ханым келді.

Екі жақты кездесу барысында тараптар ынтымақтастықты одан ары нығайту және ЕХРО-2017 дүниежүзілік көрмесіне Швейцарияның атсалысу мәселелерін қарады.

Сонымен қатар, сапар аясында, ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовпен, ҚР Сыртқы істер министрлігінің және "Астана ЭКСПО-2017" ҰҚ" АҚ басшылығымен кездесу жоспарланған.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны