17.04.2008, 13:54 2786

Қазақстан мен Словакия әскери саладағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды

Қазақстан мен Словакия әскери саладағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды

Астана. 17 сәуір. "Қазақстан Бүгін" -Қазақстан мен Словакия әскери саладағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Бұл туралы Қазақстанның қорғаныс министрі Даниал Ахметов пен Словакия Республикасының әскери ведомствосының басшысы Ярослав Башка арасында өткен кездесу аяқталғаннан соң ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Келісім бойынша Қазақстан қарулы күштерінің кіші офицерлік құрамы "Солтүстік Атлантикалық Альянстың бейбітшілік үшін Серіктестік" бағдарламасының базалық орталығы мен Липтовски Микулаш қаласындағы курстарда оқытылатын болады" , - деп түсіндірді баспасөз қызметі.

Бұл "Солтүстік Атлантикалық Альянсқа қатысушы елдерінің ИК бөлімшелері және Қазақстанның бітімгершілік "Қазбриг" бригадалары арасындағы үйлесімге шұғыл түрде қол жеткізу процесін жеделдетеді", - деп толықтырды баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметі хабарлағанындай, келісім шарт аясында ҚР Қорғаныс министрлігінің әскери шет тілдері институты Словакияның әскери қызметкерлерін оқытуға дайын.

"Искери -медициналық қатынастарды дамыту аясында қазақстандық әскери дәрігерлері Словакияның Ружомберок қаласының орталық әскери госпиталінде тәжірибемен алмасатын болады ", - деп хабарлады ҚР ҚМ баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметі ескерткеніндей, бұдан ертерек қол қойылған келісім -шарт бойынша Словакия Қазақстанның әуе қорғаныс қарулы күштерінің есебінде тұрған оқу-жаттығу ұшақтарына жөндеу жұмыстарын жүргізеді.

"ҚР ҚМ Ұлттық қорғаныс университеті мен Словакияның Ұлттық қорғаныс академиясы арасында қатынас орнату шарасы ҚР ҚК кадрлерін даярлау жөніндегі ынтымақтастығын нығайтудың уақтылы қадамы болады. Биылғы жылы Қазақстан әскери делегациясы Словакияның ұйымдастыру құрылымымен, оқу процессімен, словак әскерилерінің оқыту дайындығымен танысып қайтатын болады", -деп қорытындылады баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны