28.12.2009, 09:56 2776

Қазақстан мен Татарстан үкімет басшылары екі ел арасындағы ынтымақтастықты дамытудың перспективалары мен ағымдағы жай - күйін талқылады

Қазақстан мен Татарстан үкімет басшылары екі ел арасындағы ынтымақтастықты дамытудың перспективалары мен ағымдағы жай - күйін талқылады

Астана. 28 желтоқсан. Kazakhstan Today - Үкімет үйінде сенбі күні Қазақстан Республикасының премьер-министрі Кәрім Мәсімов Татарстан Республикасының премьер - министрі Рустам Минихановпен кездесті, деп хабарлайды Kazakhstan Today үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында екі елдің сауда - экономикалық және мәдени - гуманитарлық салалардағы ынтымақтастығын дамытудың перспективалары мен ағымдағы жай - күйі талқыланды.

Р.Миниханов Алматы облысына жасаған сапарында құрылыс нысандарын инвестициялау мүмкіндіктерін қарастыру мақсатында "Қорғас" халықаралық шекаралық ынтымақтастық орталығында болғаны туралы хабарлады.

Тараптар Қазақстан мен Татарстан арасындағы экономикалық әлеуетті іске асырудың қажеттілігіне тоқталып, екіжақты ынтымақтастықты 2010 жылдан бастап құрылатын Кедендік Одақ аясында дамытудың маңыздылығын атап өтті.

Кездесу соңында К.Мәсімов пен Р.Миниханов өзара қарым - қатынастардың сәтті жалғасатынына сенім білдірді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны