29.10.2008, 19:07 3222

Қазақстан мен Тәжікстан үкімет басшылары екі жақты серіктестікті кеңейтудің келешегі мен қазіргі жағдайы туралы пікір алмасты

Қазақстан мен Тәжікстан үкімет басшылары екі жақты серіктестікті кеңейтудің келешегі мен қазіргі жағдайы туралы пікір алмасты

Астана. 29 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Үкімет үйінде бүгін Қазақстан Республикасының премьер-министрі Кәрім Мәсімов Тәжікстан Республикасының премьер-министрі Акил Акиловпен кездесті, деп хабарлайды агенттік тілшісі үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Иңгімелесушілер сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екі жақты әріптестікті кеңейтудің жай-күйі мен келешегі туралы пікір алмасты.

Сонымен қатар, энергетика, отын ресурстарын тасымалдау саласындағы ынтымақтастық, атап айтқанда, Қырғызстан арқылы Тәжікстан мен Қазақстанды қосатын ЖЭЖ (ЛЭП, желілік электр жеткізу) құрылысын іске асыру мәселесін талқылады.

Қазақстан мен Тәжікстанның премьер-министрлері екі ел арасында қол жеткізілген өзара түсіністік деңгейі келешектегі екі жақты қарым-қатынастарды нығайтатынына және тереңдете түсетінене сенім білдірді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны