22.12.2006, 13:15 2873

Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы мемлекеттік шекара күзеті қалыпты режимде жүзеге асырылуда - ҚР ҰҚК

АСТАНА. 22-желтоқсан. Kazakhstan Today. Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы мемлекеттік шекара күзеті қалыпты режимде жүзеге асырылуда. Бұл туралы бүгін өткен баспасөз мәслихатында ҚР ҰҚК-нің ресми өкілі Кенжеболат Бекназаров құлағдар етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы мемлекеттік шекара күзеті қалыпты режимде жүзеге асырылуда. Шекараға қарай қосымша күш-құралдарды тарту қолға алынған жоқ",- деді К.Бекназаров.

ҰҚК өкілінің пікірінше, "мемлекеттік шекараның бұл бөлігінде осы бағыттағы кез-келген өзгеріске жауап қата алатын шекаралық күш-құралдар жеткілікті".

Шекарадағы ахуал тұрақты деді ол. "Түрікменбасының қазасынан кейін осы елмен шекарадағы ахуал туралы көптеген сауалдар келіп түсуде. Сол себепті бүгін мен Шекара қызметімен хабарластым. Шекарадағы ахуал тұрақты қалпы, ешбір қорқыныш жоқ",- деді К.Бекназаров.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны