25.04.2014, 19:19 9931

Қазақстан мен Түркия ынтымақтастық жолындағы барлық кедергілерді жоюға ниетті

Қазақстанның сыртқы саясатының оңтүстік-батыс бағытында Түркия басты орын алады. 2013 жылы Қазақстан мен Түркия арасындағы сауда айналымы 3 млрд.495,6 млн. АҚШ долл. құрады. Экспорт - 2 млрд.595,1 млн.АҚШ долл., импорт - 900,6 млн. АҚШ долл. құрады.

Алматы. 25 сәуір. Kazakhstan today. Қазақстан Түркияға өзара тиімді ынтымақтастыққа жаңа шарттар беруге әзір. Ең үлкен тартымдылықты тамақ және жеңіл өнеркәсіптеріне берілмек, оның ішінде ҮИИДМБ-ның екінші бесжылдығы аясында, деп хабарлады экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев түркиялық әріптесі Нихат Зейбекджимен кездесу барысында.

Екі ел арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық мәселелерін талқылау барысында олардың тұрақтылығы мен болашағын ерекше атап өтті, деп ҚР ЭБЖМ-де хабарлады.

"Біздердің экономикаларымыздың мүмкіндіктері мен күші ынтымақтастықтың жаңа деңгейіне шығуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, біздің жолда тұрған барлық кедергілерді 2014 жылдың соңына дейін жою қажет, - деп Түркияның экономика министрі Нихат Зейбекджи айтып өтті.

Қазақстанның сыртқы саясатының оңтүстік-батыс бағытында Түркия басты орын алады. 2013 жылы Қазақстан мен Түркия арасындағы сауда айналымы 3 млрд.495,6 млн. АҚШ долл. құрады. Экспорт - 2 млрд.595,1 млн.АҚШ долл., импорт - 900,6 млн. АҚШ долл. құрады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны