28.05.2014, 22:26 2883

Қазақстан мен Түркияның Бас прокурорлары меморандумға қол қойды

Түркия Республикасының Бас прокуроры Хасан Эрбилдің Қазақстанға іссапары болып, оның барысында Бас Прокурор Асхат Дауылбаевпен екіжақты кездесуі өтті.

Алматы. 28 мамыр. Kazakhstan today. Түркия Республикасының Бас прокуроры Хасан Эрбилдің Қазақстанға іссапары болып, оның барысында Бас Прокурор Асхат Дауылбаевпен екіжақты кездесуі өтті.

А.Дауылбаев екі елдің заңдылықты нығайту және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мәселелеріндегі Түркияның құзыретті органдарымен тиімді ынтымақтастықтың жоғары деңгейін атап өтті. Осы орайда екі ел арасында толық ауқымда құқықтық саладағы мемлекетаралық келісімдерге қол қойылғаны айтылды, деп Бас прокуратурада хабарлады.

Кездесу барысында трансұлттық ұйымдасқан қылмыс, терроризм мен экстремизм, киберқылмыс және т.б. төтеп беру саласындағы өзекті ведомствоаралық мәселелер бойынша сындарлы пікір алмасу орын алды. Иңгімелесушілер атап өткендей, аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша заманауи стратегиялық мақсаттар аясында қазіргі заман проблемаларына төтеп беруде күш-жігерді ары қарай жұмылдырудың маңыздылығы арта түсті.

Түркияның Бас прокуроры қазақстандық әріптесіне ұйымдастырылған қабылдау үшін алғысын айтып, өзара тиімді ынтымақтастықты тереңдетуге дайын екендігін хабарлады.

Келіссөздер нәтижесінде Қазақстан Республикасы мен Түркия Республикасы бас прокуратуралары арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны